astana-view

Қазақстан мен Грузия сауда қатынастарды нығайтуда

2018 жылғы 03 Қазан
3820 просмотров

Грузия тарапы қазақстандық компанияның көпіршіктелген каучукқа  қызығушылық танытуда

 24 қыркүйек күні Тбилиси қаласында Radisson Blu қонақүйінде қазақстандық делегацияның сауда-экономикалық миссиясы аясында Қазақстан-Грузия бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі қолдауымен Қазақстан Сыртқы сауда палатасы және Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

 Форум негізгі диалог алаңына айналып, қатысушылар тәжірибе мен жаңа идеялармен алмасты.

 Іс-шара барысында қазақстандық кәсіпорындары мен грузиндік сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатылды.

Қазақстандық делегация құрамында тау-кен қазу, құрылыс және машина жасау салаларында қызмет ететін ірі компаниялар болды.  

 Қазақстан-Грузия бизнес-форумы қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Грузия тарапы «IT&M» атты қазақстандық компаниясы өндіретін көпіршіктелген каучукқа қызығушылық танытты. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұған қоса Грузияда болған қазақстандық кәсіпкерлер жергілікті ірі компаниялардың өндірісімен танысты. Осындай кездесулер кезінде DIO компаниясы Қазақстанда замануи арзан тау-кен өнеркәсібін дамытуға бағытталған «KazMinerals» компаниясы өндіретін алюминий мен мысты сатып алуға ынтасын білдірді.  

 Қазіргі таңда Қазақстан Грузияға мұнай өнімдері, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдері, темір жаймалар, темекі өнімдері, балық, балмұздақ, дәрі-дәрмектерді экспорттауда. Грузиядан келетін негізгі импорт тауарлары: шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды су, спирттік тұңбалар, металл құбырлар, вакциналар, сүт пен қойытылған кілегей.

2017 жылы өзара сауданың оң серпіні байқалды. 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстан мен Грузияның сыртқы сауда айналымы алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артып, $77 млн құрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер