«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Абылай Мырзахметов пен  Жеңіс Қасымбек отандық жейделерді сатып алды

12 Қазан 2018
4921 просмотров

Астанадағы «Көрме» орталығында өтіп жатқан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы аясында елорда тұрғындары мен қонақтар отандық тауарларды өндірушілер бағасымен сатып ала алады.

Биылғы көрмеге 153 қазақстандық өндіруші өз тауарын  алып келді. Олардың барлығы өңірлік байқаулардың жеңімпаздары.

«Биыл өңірлік байқауға 1163 компания қатысты. Бұл біз ойлағаннан да жоғары, тіпті рекордтық көрсеткіш. Ұлттық палата отандық тауарлардың сапасы жоғары болуын, өндірушілерің бәсекеге қабілетті болуын көрменің басты мақсаты санайды.», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ол Мемлекет басшысы халыққа Жолдауындағы  тапсырмасы бойынша  отандық экспорттаушыларды қолдау бағытында 500 млрд теңге ал өндірушілерді қолдауға 600 млрд теңге бөлінетіндігін атап өтті. Сонымен қатар 20 млрд теңге қазақстандық компанияларды қаржылық емес қолдауға арналған.

«Біздің алдымызды маңызды міндеттер тұр. Биылғы жылы қаржылық емес қолдау бағытындағы барлық жұмыстар «Атамекенге» беріліп отыр. Экспорт көлемін ұлғайту мақсатында 11 елде Ұлттық палатаның өкілдіктері құрылады. Біз байерлермен жұмысты жандандырамыз, қазақстандық тауарларды қолдау бойынша зертханалар ашамыз. Бүгінгі көрме-байқауға 20 мемлекеттің елшіліктері өкілдерінің қатысуы отандық өнімдерге қызығушылықтың артқанын көрсетеді»,-деді спикер.

Абылай Мырзахметов еліміздегі тауарөндірушілер өнімдерінің ірі супермаркеттер мен дүкен сөрелеріне кедергісіз түсуі үшін арнайы заң жобасы дайындалып жатқанын да айтты.

Сонымен қатар ол 15 қазаннан бастап «Атамекен» 1 млн кәсіпкер үшін тест үлгісінде  онлайнда жеке кабинеттер ашылатынын тілге тиек етті. Онда кез келген кәсіпкер  мейлі ол шағын, микро бизнеске қатысты болсын, онлайн режимде консультациялар,көрме, компаниялар, әріптестер туралы және сол сияқты өзін толғандырған сауалдарға жауап таба алады.

Көрме-байқаудың салтанатты ашылуына ҚР Инвестициялар және Даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысты.  Ол «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өзектілігін жоймайтынын, бәселкелестікті арттыратын алаң болып қалатынына тоқталды.

«Жыл сайын осы көрмеге келген компаниялар өздерінің бәсекелестерінің жұмыс барысымен танысып, қандай жаңа тауарлар алып келгенін көреді. Жылдан жылға қатысушылардың саны артқаны, биыл 80 пайызға жуық жаңа компания отандық тауарөндірушілер қатарына қосылғаны қуанарлық», - деді ҚР Инвестициялар және Даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Көрмеде Абылай Мырзахметов пен Жеңіс Қасымбек  қатысушылардың тауарларымен таныса жүріп, қызылордалық «Dalatex» фирмасының жейделерін сатып алды. Компания 2016 жылдан бері отандық нарықта. Қазақстанның әр өңірінде өкілдіктері бар, сонымен қоса өнімдерін Ресейге экспорттайды.

«Біз осындай ауқымды көрмеге қатысқанымызға қуаныштымыз. Жейделеріміз шетелдік өнімдерден кем емес, керісінше бағасы қолжетімді. Биылғы көрме жеңімпазы атанамыз деп ойлаймыз», - деді «Dalatex» ЖШС директоры Дінмұхамед Абызов.

Биылғы конкурс үш номинация бойынша өткізіліп отыр: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары».

Көрмеге келушілер азық-түлік тауарларының дәмін татып көруіне, өнімдерді тауар өндірушілердің бағасымен сатып алуына болады. Сонымен қатар қонақтар отандық өндірушілердің ұсынған киім үлгілері таныстырылымын тамашалап, сағат 15:00 де сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Ал тауар өндірушілерге арнайы шеберлік сабақтары, іскерлік кездесулер өткізіледі.

Іс шара Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Достық к. 3 өтіп жатыр.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер