astana-view

Астрахан кәсіпкерлері Атыраудан өткізу нарықтарын іздеуде

2018 жылғы 15 Қазан
- Атырау облысы
5713 просмотров

Астрахандық бизнесмендер Атырау облысы кәсіпкерлер палатасынан Қазақстанда өнімдеріне өткізу нарықтарын табуға атсалысуды сұрады.

Ресей Федерациясынының көрші ауданындағы кәсіпкерлер Атырау өңіріне бизнес-миссиямен келді, оның мақсаты – қазақстандық әріптестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнату. Делегация құрамында ауыл шаруашылық, тама өнеркәсібі мен тұрмыстық химия өндірушілері бар. Қонақтарды қарсы қалған Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов екі өңірдің бұрыннан бері қалыптасқан байланысын атап өтті.

«Атырау облысының территориясында қазіргі таңда Ресей капиталымен 319 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл мұнай-газ секторы, құрылыс, жабдық пен механизмдер, ақпараттық технологияларды жеткізу, азық-түлік өнімдерімен көтерме сауда жасайтын компаниялар. 2018 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша тауар айналымы  164.7 млн АҚШ долларын немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6%-ды құрады.  Оның ішінде тауарлар экспорты 18,3 млн АҚШ долларына, импорты – 146,4 АҚШ долларына артқан.

«Аталған кезеңде Ресей Федерациясына жасалған негізгі экспорт өнімі күкірттің барлық түрлері, мұнайлы газы және газ текті көміртектер, қара метал қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара металл құймалары, тірі балық және т.б. Егер Ресей Федерациясына экспорт бірқатар тауарлармен ерекшеленсе, Ресейден импорт тауарлардың толық тізбегімен толыққан. Негізінен азық-түлік, тұрмыстық химия, құрылыс материалдар, кіим-кешек және басқа тауарлар», – деді Палата директоры.

Ары қарай Астрахан облысының кәсіпкерлері өнімдерінің таныстырлымын жасады. Ресейліктер тауарларының барлық талаптарға сай келетінін алға тартты, сұраныс та жақсы. Енді олар Қазақстан нарығына өткізуді көздейді.  

 «Кішігірім цехтен бастағанбыз, енді кондитерлік фабрикамыз жаңаша технологиялармен қамтылған. Заманауи қойма орынджайлары бар, 60-қа жуық өнім шығады. Тауарымыз Махачқала, Грозный, Волгоград, тіпті Армавирде сатылады. Енді сіздердің нарыққа шығуды көздейміз», – деді «Якубова» ЖК директоры Юрий Рыжков.

Ресейлік әріптестердің мүмкіндіктерімен танысқан Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Абдолла Идресов оларға әлеуетті әріптестер бола алатын кәсіпкерлер тізімін ұсынды. Астрахандықтар балық шаруашылығы мен құс өсіретін кәсіпорындарға, азық-түлікті көтерме бағамен сататын жеткізушілер жұмысына  қызығушылық танытты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер