astana-view

«Бастау» – идеяны жүзеге асыратын бірден бір мүмкіндік

2018 жылғы 25 Қазан
- Павлодар облысы
4917 просмотров

«Арман – мақсатқа жетелейді» демекші, бастысы барлығын дұрыс орындап, қажетті қолдауды пайдалану керек

«Бастау» жобасы хобби, идеяны жүзеге асыруға көмектесетін бірден бір мүмкіндік. Мәселен, Успенск ауданының кәсіпкерлеріне қызмет көрсету саласы басымдықта. «Бастау» түлегі Олег Донченко жөндеу-құрылыс саласында қызмет көрсетуді қолға алмақ. Олегтің осы салада тәжірибесі мол әрі мамандығы да келіп тұр.

«Құрылыс саласына қатысты білімім бар, енді дербес шешім қабылдап, өзіме жұмыс істегім келеді», – деді Олег Донченко.

 Бастауыш кәсіпкерлер «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жалдарға арналған бағдарламасы арқылы грант байқауына қатыспақ.

Жобаның тағы бір қатысушысы – Міржан Жайсембаев Успенск ауданында фаст-фуд нүктесін ашты, қазірдің өзінде жылдам дайындалатын өнімдерге сұраныс жақсы. Ассортиментті көбейту және өндірісті жақсарту, гриль жабдығын алу мақсатында Міржан  да грант алуға қатыспақ.

Милена Козик «Студия визуализации желаний» атты жарнама-мерекені ұйымдастыру агенттігі жобасын жүзеге асырып отыр.

«Студия мақсаты – клиенттердің идеясын жылдам іске асыру. Көп жағдайда мерекеге дайындалу, банкеттерді әшекелуге адамдардың уақыттары жетпей жатады. Сондай-ақ, біз жақындарға сыйлық таңдау, жарнама жасауға көмектесеміз. Клиенттен  керегі – идея. Ал егер идея болмаса біз идеялар топтамасын ұсына аламыз», – деді Милена.
 

 «Бастау» бизнес-тренері Асылбек Әріпов қатысушылар жол бойындағы сервис, дәріханалар желісін ашу, маникюр салоны, шанақ жөндеу цехын құру жобаларын жүзеге асыруға үлкен қызуғышылық танытып отыр.

 «Оқу мерзімі білінбей өтіп кетеді. Жаңа ғана тестілеу өткізіп, модульді игере бастаған сияқты боламыз, сабақтар қызықты өтетіні соншалық, жобаны қорғау науқанына қалай келіп қойғанымызды білмей қаламыз. Оқу барысында кейбір қатысушыларда жаңа идеялар туындап жатады, ал кейбірі бастапқыда ұстанған бағытта білімді нығайта түседі, сенімділіктерін қайрайды. Әр қатсушыға сәтті бизнес құруды тілеймін», – деді Асылбек Әріпов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер