astana-view

Экспорттық саясаттың дамуымен «Іскерлік байланыстар» жобасы да қарқын алып келеді-Эльдар Жұмағазиев

2018 жылғы 08 Қараша
4619 просмотров

Кәсіпкерлердің шетелден алып келген жаңа технологиялары компанияларының өнімділігі мен табыстылығын арттырып отыр.

«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында кәсіпкерлер тәжірибе алмасып, шетелге шыға алады. Оны «Бизнестің жол картасы - 2020» жобасы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірге жүзеге асырады. Жобаның алдағы жоспарлары туралы Астанада өткен Республикалық форумда сөз болды.

Жоба екі кезеңнен тұрады: біріншісі – Қазақстанда үш апталық оқу, екіншісі-шетелде тағылымдамадан өту. 2018 жылы бірінші кезең бойынша Қазақстанның 8 өңірінен 569 кәсіпкер оқудан өтсе, Германиядан 42 кәсіпкер тәжірибе жинақтап қайтты.

«Жоба бизнес орта үшін қызықты және пайдалы,-деді Эльдар Жұмағазиев. - Биыл 1 млн.еуро көлемінде 20-дан астам келісім-шартқа, келісім мен меморандумға қол қойылды. Жоба бизнесті қолдау және жетілдіру үшін жақсы құрал болды. «Іскерлік байланыстар» экспорттық саясатының дамуымен жаңа қарқын алып, түпкі нәтижеге бағытталуы тиіс».

Форумда, бизнеске «Іскерлік байланыстар» жобасы қалай көмектеседі, деген сауалға нақты мысалдар келтірілді. Мәселен, Астананың белгілі фитнес-клубтары Германиядан жаңа тренажерлер алып келді және бүгінде оларға ел ішінде франшиза сатады. Маңғыстау облысындағы компания кеспетас салу бойынша техника сатып алуға келісім-шартқа қол қойды. Ақмола облысынан келген фирма бетон өнімдерін өндіру технологиясын игеріп, бүгінде олар өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатады.

«Неміс тарапы Қазақстанға өз білімін, бизнесті дамыту моделін, ноу-хауды ұсынады. Өз кезегінде қазақстандық бизнестің даму серпінін, сіздерде дамып келе жатқан жақсы бизнес-жобаларды көру бізге ғанибет. Біз «Атамекен» сияқты серіктесіміз бар екеніне қуаныштымыз. Неміс тарапы Ұлттық палатамен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жобаларды қолға алып отырмыз», - деп атап өтті ГФР-ның ҚР-дағы тұрақты елшісі Йонатан Вайнберг.

Йонатан Вайнберг жоба аясында еліміздің аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша белсенді жұмыс істеу жоспарланып отырғанын айтты.

Іс-шара аясында іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП мен Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Бүгінде елімізде кәсіпкерлік пен жастарды қолдау бағыында көптеген жұмыстар атқарылуда. Біздің мектеп түлектері алған білімдерімен бөлісіп, қоғам үшін пайдалы болғысы келеді, - деді Қауымдастық Кеңесінің төрағасы Нұрасыл Жарбасов. - Біз «Іскерлік байланыстар» және «Бастау» жобаларын белсенді қолдаудамыз, дәрістер, тренингтер өткіземіз, жоғары оқу орындарының рейтингін жетілдіруге көмектесеміз. Біздің алған тәжірибеміз осы бағдарламаларды жүзеге асыруда пайдалы болады, деп үміттенеміз».

«Ұлттық палата жастар тарапынан осындай бастамаларды қолдайды. Бізге білім алған және идеясымен бөліскісі келетін жастарды қолдау қажет. Және біз осы процесті қуана қадағалап отырмыз. Олар нақты істермен, менторлықпен, сараптамалық пікірмен, семинарларды әзірлеумен және өткізумен айналысқысы келеді. Біздің елімізде осындай білімді қажет ететін адамдар көп. Қауымдастықтың пікірі мен біліктілік шеберлігі бізге қажет», - деді Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер