astana-view

Рустам Жүрсінов: «Заң саласының жасанды инттелект пайдалануда ауқымы кең»

2018 жылғы 08 Қараша
4275 просмотров

Алматыда Қазақстан корпоративті заңгерлерінің XIII форумы өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі болды.

Форумға қатысқан жетекші спикерлердің бірі «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов отандық бизнестің жүйелі мәселелерін шешу бойынша жұмысқа назар аударды.

Бұл бағытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тығыз байланыста ҚР Жоғарғы Соты, Бас Прокуратура және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікпен жұмыс істеп жатыр.

«Жоғарғы Сотпен жұмыс істеуде негізгі 4 бағыт бар. Бұл талдау жұмысын жүргізу, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру мен ақпарат алмасу. Бірінші бағыт бойынша 2 540 сот шешіміне талдау жүргізілді, олардың негізінде жүйелі мәселелер анықталған. Мәселелер жиірек 7 салада орын алады – бұл салық және кедендік сұрақтар бойынша даулар, мемлекеттік сатып алулар, экология, банкроттық және оңалтудағы даулар, әкімдіктер және квазимемлекеттік компаниялармен орын алған даулар. Біз бизнесты қорғау механизмдерін күшейтуді, салық және кеден салаларында әдістемелік сараптамалар қорытындыларды Ұлттық палата ұсынған сот практикасына енгізуді ұсындық. Салықтық және кедендік даулар бойынша пилоттық жобаны Астанада іске асыру ұсынылды. Қазіргі таңда бұл ұсыныстарды бірлесіп қарастырудамыз», – деді Рустам Жүрсінов.

 Құқықтық салаға жаңа цифрлық технологияларды енгізу мәселесіне спикер ерекше назар аударды.

 «Дәстүрлі түрде заң саласы консервативті құрылым ретінде қабылданады, дегенмен жасанды интеллекті пайдаға асыруға болатын аумақ бар. Бұл – құжаттарды тексеру, құқықтық кеңістікті тексеру, комплайенс-бақылау бағыттары. ҰКП алдын ала техникалық және экономикалық бағалауға арнап пилоттық жобаны іске асыруға дайын. Қазірдің өзінде 300 мыңнан астам құжат ретінде сот шешімдерді электронды базаға енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Жүйені алдын ала енгізу мерзімі 2019 жылдың 31 шілдесіне белгіленген. Осы ретте құқықтық жалпы оқыту аясында  Жоғарғы Сотпен жүргізіліп жатқан жұмыс кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға оң әсер ететін болады», – деді Рустам Жүрсінов.

 Басқарма Төрағасының орынбасарының хабарлауынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «BestProfi» компаниясы бірлесіп, «Құжаттар конструкторы» жобасы әзірленген. Аталған жоба  «Кәсіпкердің жеке кабинетіне» лайықталған. Онда 100-ден астам жиі қолданылатын және сауатты жазылған құжат шаблондары тегін қолданысқа берілген.  

 «Сонымен қатар біз талдау 6 мемлекеттік орган  бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануға талдау жүргіздік, бірқатар кемшіліктер анықтады: мемлекеттік бақылау мақсаттарының сәйкес келмеуі, инспектерлерде таңдау құқығының сақталуы, мемлекеттік органдар бұзушылықтардың қайталануын болдыртпау мақсатында бақылау нәтижелеріне талдау жүргізбейді және басқа да жайттар. Мемлекеттік органдарға сәйкес бұйырықтарды қайта қарау тапсырылды», – деді спикер.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында «Бизнес және Заң» айдары іске қосылған, онда кез келген кәсіпкер заңнамаларға ұсынылған өзгертулермен танысып, «Атамекенге» сараптамылқ қорытынды алу мақсатында келіп түсетін нормативтік-құқықтық актілер жобаларының барлығына өз пікірін тастай алатынын Рустам Жүрсінов хабарлады.

 «Атамекен» ұсынған бастамалардың басым бөлігі жаңа Салық кодексінде ескерілген. Жіберілген 1150 түзетудің 83%-ы қолдау тапты. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еңбекақы қорына түсетін ауыртпалықты азайту мен сотқа дейінгі практиканы қолдану мәселелерін қарауда.

«Апелляциялық комиссия отырыстарының бірінде кәсіпкер  көмірсутегі шикізатына қосымша салық салу мәселесіне арыз беруі кезінде Комиссия мүшелері жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын пайдаланудың реттелмегені  себебінен адалдық принципті алғаш рет қолданды. Нәтижесінде Комиссия шешімді кәсіпкер пайдасына шығарып, 5 млн теңгеден астам көлемде пайдалы қазбаларды өндіруге қосымша салық алынып тасталды», – деді Рустам Жүрсінов.

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік және мүдделі мемлекеттік органдарымен бірге шетелдік және ұлттық инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. «Protecting business and investments» жобасы іске қосылды.

 «Жоба стратегиясы әрбір бизнес-жобаның «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын қолдау» арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктерін апробациялауға және іске асыруға негізделген. Сүйемелдеу кәсіпкерлер мен инвесторлардың Келісімге қосылуы шеңберінде жүзеге асырылады. Осы ретте инвестордың өзі сыбайлас жемқорлықсыз, оның кез келген белгілеріне «нөлдік төзімділік» таныту арқылы бизнесті адал жүргізуге жауапкершілік алады. Жалпы сомасы 5 трлн теңгені құрайтын отандық және шетелдік инвесторлардың 130 жобасын сүйемелдеу жұмыстары басталды. 2018 жылы пайдалануға тағы 32 инвестициялық жобаны енгізу көзделген», деді Рустам Жүрсінов.

 «Атамекен» жария құқықтың заңды тұлғалары институтын белсенді зерттеп жатыр. ҰКП соңғы екі жыл ішінде ЭЫДҰ мемлекеттері мен бірқатар посткеңестік елдердің мемлекеттік басқару секторын реформалау, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру, оның кәсібилігін және клиенттердің назарын арттыру тәжірибесіне ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Форумда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан кәсіпкерлер құқығын қорғау мен заң шығару жұмыстарына белсенді атсалысқан заңгерлер марапатталды.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер