astana-view

Колледж студенттерімен іскерлік кездесу өтті

2018 жылғы 13 Қараша
- Жетісу облысы
3469 просмотров

Кәсіпкерлікке деген қабілетті қалай дамыту керек? Бизнесті несиесіз құрып, нарықта жеке бағытты қалай табуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға  Талғар қаласындағы колледждер студенттерімен өткен кездесуде  қалыптасқан кәсіпкерлер жауап берді.

Іскер әйелдер кеңесі, Талғар аудандық ауыл әйелдері одағы және ӨКП филиалы өзара бірігіп, Талғардағы политехникалық және медициналық колледждер студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттердің бизнес жүргізу бойынша сауалдарына жауап беріліп, бизнес-идеялар айтылды, кәсіпкерлік саланы қолдау шаралары түсіндірілді.

 

 ӨКП Талғар қаласы филиалының директоры  Алдияр Досанов «Атамекеннің» бизнесмендерді қолдау мен қорғау бойынша негізгі қызметі жайында ақпарат берді.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтардың қаржылық және заңгерлік сауаттылығын көтеру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес негіздеріне оқытады. «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкерлер мектебі», сонымен қатар «Бастау» жобалары бойынша оқулар аясында кәсіпкерлер жеке кәсіп ашуға ең қажетті білім мен машықтарды игереді. Бизнес-тренерлеріміз нарықтарды талдау, қызметті жоспарлау, бизнес-жобаны басқару және басқа маңызды бағыттар бойынша білім береді», – деді Алдияр Досанов. 

Ары қарай Кәсіпкерлер палаталарында болашақ кәсіпкерлер сервистік қызметтің толық ауқымын ала алады.

Кездесу барысында Талғар ауданы Ауыл әйелдері одағының төрайымы Мария Сихимбаева, кәсіпкерлер Нина Биковская, Алмагүл Рахымқожа, Бағила Жолтаева кәсіпкерлік тәжірибелерімен бөлісті.

 

 «Әрине, бизнес қажырлы еңбек пен ынтаны талап етеді, еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей демекші, еңбек ету керек. Сондықтан, кез келген адам идеясын жүзеге асыруда көп күш жұмсау керек. Отбасымызбен Қытайдан Қазақстанға көшкенімізде отбасыны асырау үшін аула сыпырушысы болдым. Кейін аяққа тұруға «Атамекен» көмектесті: оқыдым, жеке кәсібімді аштым», – деп әңгімеледі Алмагүл Рақымқожа.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер