astana-view

Өңірдің құрылыс компаниялары лицензияларды жедел беру туралы жобаға байланысты өз ұсыныстарын жеткізді

2018 жылғы 14 Қараша
- Ақтөбе облысы
4570 просмотров

Аймақтық құрылыс саласының өкілдері ҚР ИДМ лицензия беру талаптарын күшейту жобасын талқылады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға құрылыс кәсіпорындарының, жобалау ұйымдарының, техникалық қадағалауды жүргізетін компаниялар мен құрылыс, энергетика, сәулет және құрылысты бақылау жөніндегі мемлекеттік құзырлы органдардың және «Атамекен» палатасының өкілдері қатысты.

Жобаны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген болатын. Ұсынылған күшейту шаралары құрылыс, қала құрылысы және мерзімді құрылыс салу салаларындағы лицензияларды жедел беруге (үш жыл сайын біліктілікке сәйкестігін растау) қатысты болмақ.  

Заң бойынша бірінші, екінші және (немесе) үшінші категориялы лицензиясы бар, алайда салалық білімі, құрылыс саласында жұмыс тәжірибесі, қажетті өндіріс базасы мен штаттық қызметкерлері жоқ кез-келген азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы құрылыс ұйымдарына басшысы бола алады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына (көпірлер, туннельдер, 40 қабаттан жоғары ғимараттар, газ-мұнай құбырлары, т.б. салу) қатысатын осындай ұйымдар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қолайсыз жағдайлар тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ мен ҚР БП біріккен тексерісінің нәтижесінде 2 ай ішінде лицензия алған уақыттан бастап құрылыс саласында қызмет жасамайтын 84 компания және жалған кәсіпкерлік белгілері бар 39 лицензиат анықталды. Жалпы алғанда, күшейту шаралары 62309 лицензиатқа қатысты қолданылмақ.

«Меніңше, лицензиялау талаптарын күшейту-дұрыс шешім. Біздің жұмысымызда сапа бірінші орында болу керек. Дегенмен, мен барлығының бірдей үш жыл сайын растаудан өтуі қажет деп ойламаймын. Ал жалған кәсіпорындар болатын болса, олардың лицензиясын тоқтатып, құрылыс компаниялар тізімінен автоматты түрде шығару керек. Тоқтап тұрған 84 компаниядан біліктілігін растауды талап ету заңды болар еді. Алайда қалған қызметтерін адал атқарып отырған компанияларды қозғаудың қажеті жоқ. Олардың жұмысы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында тіркелеген, қалалық сәулет бөлімі есеп жүргізеді», – деген «Делдал» ЖШС директорының орынбасары Жақсылық Тохин өз пікірін жеткізді.  

 Аталған компания нарықта 2005 жылдан бері келеді. Штатында 50-ге жуық білікті маман бар. Өңірдегі өндіруші нысандардың құрылысымен айналысады. Құрылыс саласындағы әріптестерінің көпшілігі «Делдал» ЖШС күшейту шараларын 3 жыл бойы жұмыс жасамаған компанияларға ғана қолдану туралы ұсынысын қолдады.

«Кәсіпкерлердің пікірін дұрыс деп есептеймін. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасында жобалаушылар мен техқадағалау, құрылыс компаниялары туралы барлық деректер тіркелген. Осы деректер базасы арқылы облыс бойынша лицензия алғанымен, құрылысқа рұқсат ала алмағандардың тізімін оңай анықтауға болады. Тиісті органдар осындай компанияларға лицензияны растау туралы хабарламалар жібере алады. Мұны басты және қосалқы мердігерлермен арадағы келісім-шарттар мен қаражат айналымын дәлелдейтін құжаттарды көрсету арқылы дәлелдеуге болады. Осылардың бәрін көрсете алса, компанияның жұмыс істеп тұрғаны. Құжаттар болмаған жағдайда біліктілікті және қажетті өндіріс базасын растау қажет болады», – деді талқылау барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов. 

«Ақтөбегражданпроект» өндірістік кооперативінің өкілі құрылыс индустриясында демпингтің мөлшерін белгілеу және конкурстарға қатысу кезінде біліктілік талаптарын белгілейтін мемлекеттік сатып алулар туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу туралы тағы бір ұсыныс жасады. Оның пікірінше, бұл шара жобалау кезінде-ақ жосықсыз жеткізушілерді анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына оң әсерін беретін болады.

Бұл ұсыныстар Қазақстандық құрылыс компанияларының қауымдастығы филиалымен бірлесе отырып талқыланып, жоба әзірлеушілеріне жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер