astana-view

«Атамекен»: ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация-нақтылық қажет

2018 жылғы 14 Қараша
1988 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен «Атамекен» алаңында бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ЕАЭО бірлескен кооперациялық жобаларына отандық бизнес өкілдерінің қатысуының өзекті мәселелері талқыланды.

Еуразиялық экономикалық одаққа елдердің қатысуының негізгі басымдықтары ретінде өнеркәсіптік кооперация, оның ішінде сандық платформалар және ірі жобаларды іске асыру арқылы белгіленген.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП алаңына келесі сұрақтар шығарылды:

1) Еуразиялық технологиялық платформалар шеңберіндегі ынтымақтастық,

2) экспортқа бағдарланған еуразиялық қолшатыр брендтерді дамыту,

3) ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірлескен өнім өндірісі.

Сонымен бірге, қазақстандық бизнестің одақтың кооперациялық жобаларына қатысуы, өкінішке қарай, баяу.

Бүгінгі таңда Еуразиялық технологиялық платформалар (ЕТП) аясында 14 басым бағыт бойынша 130-дан астам бастама жұмыс істеп тұр. Қазақстан тарапынан бұл бастамалардың операторлары негізінен отандық бизнес өкілдері емес, университеттер. 

Анықтама үшін: ЕТП 14 басым платформасы

1. Медициналық және медициналық биотехнология, фармация

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

3. Фотоника

4. Авиағарыштық технологиялар

5. Ядролық және радиациялық технологиялар

6. Энергетика

7. Көлік технологиялары

8. Металлургия технологиялары және жаңа материалдар

9. Табиғи ресурстарды өндіру және мұнай-газ өңдеу

10. Химия және мұнай химиясы

11. Электроника және машина жасау технологиясы

12. Экологиялық даму

13. Өнеркәсіптік технологиялар

14. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, биотехнология

ҚР ИДМ Экономикалық интеграция департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов одақ аясындағы кооперация отандық бизнес үшін қажет екенін және Министрлік тарапынан осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. ЕТП шеңберінде 14 платформадан тұратын қазіргі уақытта 2 Платформа (жарық техникасы және авиағарыштық технологиялар) бойынша белгілі бір жұмыстар бар. Атап айтқанда, РФ-мен бірлескен кәсіпорындар құрылды және үшінші елдерге экспорт мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар ҚР индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ЕАЭО бірлескен жобаларын субсидиялау бағыттары туралы хабардар болды. Министрлік өкілдері бірлескен жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Бизнес тарапынан қатысушылар-жеңіл өнеркәсіп, зергерлік және май өндіру қауымдастығы өкілдері де кооперациялық процестерге дайын.

Сонымен қатар, кооперация бойынша келіссөздердің тиімділігі үшін «Атамекен» ҚР ҰКП арқылы келесі мәселелерді пысықтауды ұсынды:

1. «Бірлескен өнім» ұғымын нақты пысықтау,

2. Өнеркәсіптік кооперацияның және «қолшатыр брендтің заңды нысандарын анықтау»,

3. Субсидиялар мен өткізу нарығы туралы ақпарат беру.

Сондай-ақ қатысушылар әлемдік тәжірибеде қолшатыр брендтерін құру тәжірибесін зерттеуге келісті. 

Қолшатыр брендтерінің мәселесі бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия қазіргі уақытта экспортқа арналған Еуразиялық брендтерді қалыптастыруға бағытталған 10 бастамаға ие, бірақ оларды жылдам және бірлесіп іске асыру тетіктері толыққанды қарастырылмаған.

Кеңес қорытындысы бойынша бірінші кезеңде ықтимал кооперацияның үш саласы анықталды (жеңіл өнеркәсіп, май өндіру саласы, зергерлік сала), олардың шеңберінде ҰКП уәкілетті органдармен бірлесіп қазақстандық бизнестің мүдделерін ескере отырып, ЕЭК өкілдерімен егжей-тегжейлі пысықтау үшін өзара іс-қимылды қайта жаңғыртады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер