astana-view

Алматыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен салынған стадион ашылды

2018 жылғы 30 Қараша
- Алматы қаласы
5012 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жобаға консультациялық қолдау көрсетті

Алматы қаласының Бостандық ауданына қарасты №40 орта білім беретін мектепте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы салынған стадионның ашылуы өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы ӨКП басшылығы, мемлекеттік органдар мен спорт ұйымдарының өкілдері қатысты. Стадион территориясында үш футбол алаңы (екеуі жабық, бірі ашық), теннис корты, баскетбол алаңы, кроссфит (дала тренажеры), жүгіру жолағы, киім ауыстыру, жуыну бөлмелері бар. Объектің сиымдылығы бір уақытта 200 балаға спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Құрылыс биыл жазда басталған болатын. Тура осындай МЖӘ бойынша жобаны жеке инвестор Ақылбек Аққайыр Алматы қаласы Алмалы ауданының №95 жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырып жатыр. Екі стадион құрылысына жұмсалған шығындарды жалпы сомасы 350 млн теңгені құрады.

«Құрылысқа ең заманауи технологияларды қолданудамыз. Жер сілкінісіне төзімділік, ыңғайлылық пен балалар қауіпсіздігіне баса назар аударылған. Арнайы төсеніші бар ең жақсы газонды сатып алды. Ол бактерияға қарсы  заттармен өңделген әрі амортизациялық қасиеттерге ие. Яғни бала құлап қалса, қатты жарақат алмайды», – деді «Ақылбек» үкіметтік емес ұйымы» ЖШС бас директоры Ақылбек Аққайыр.

Келісімшартқа сәйкес инвестор МЖӘ объектісін мерзімі аяқталғанға дейін пайдалана алады (созуға болатын мүмкіндікпен 10 жылға дейін), одан кейін объект толығымен мемлекетке өтеді.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – билік пен бизнес әріптестігінің әлемде кең қолданыс тапқан тиімді механизмі. Бюджет әлеуметтік нысандарды салуға қаражат шығармайды, мектеп заманауи инфрақұрылымы бар спорт кешеніне қол жеткізеді, оқушылар жаппай спортпен шұғылдануға мүкіндік алады. Жылдың басынан Өңірлік кәсіпкерлер палатысына 70-тен астам кәсіпкер жүгінген, оның ішінде 11 кәсіпкер МЖӘ бағдарламасына қатысуға ниет білдірді», – деді Алматы қаласы ӨКП Аппарат жетекішісі Нұрлан Қабіштаев.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизміне сәйкес мемлекет құрылысқа территория береді, инвестор объектінің реконструкциясы мен құрылысына жеке қаражат құяды. Осылайша, мектеп стадионды 9:00-19:00 сағат аралығында тегін пайдалана алады, қалған уақытта кәсіпкер нысанды коммерциялық мақсатта қолдана алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер