astana-view

Инвесторлармен тиімді ынтымақтастық орнату бойынша семинар өтеді

2018 жылғы 05 Желтоқсан
2404 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан қор биржасының қолдауымен тегін оқу семинары өтеді

Отандық бизнесмендерді инвесторлармен қарым-қатынас орнату негіздеріне (Investor Relations – IR) оқу семинары жүргізіледі. Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан қор биржасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморнадумы аясында 6 желтоқсан, сағат 14:30-дан 18:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

 «Ernst & Young Advisory LLP» компаниясы, «S & P Global Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі, «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниясы, «ҚазТрансОйл» АҚ және KASE өкілдері семинар спикерлері болады.

Семинар тақырыбы компаниялардағы IR-жүйелерінің рөліне арналады. Сарапшылар тыңдаушыларға индустрияның негізгі трендтері мен құралдары туралы ақпарат беріп, сонымен қатар инвесторлармен өзара әрекеттесудің тиімді жүйесін құру бойынша практикалық тәжірибемен бөліседі. Семинар тыңдаушылар үшін тегін өткізіледі.

 Семинарға қатысу үшін, өтінімді мына электронды мекенжайға customers@kase.kz жіберулеріңізді сұраймыз. Өтінімде келесідей мәліметтер қамтылу керек:

  • үміткердің тегі мен аты;
  • компания атауы;
  • компания бөлімінің атауы мен қызметкердің лауазымы;
  • қызметкердің байланыс деректері (ерікті түрде)

Семинарға қатысу бойынша сұрақтар туындаса, KASE эмитенттер және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаментке хабарласыңыздар: тел. +7 (727) 237 53 00 (ішкі: 1153), +7 (727) 237 53 20.
 Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңсесі, «Түркістан» мәжіліс залы, 26-қабат.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер