astana-view

Шығыс Қазақстан облысында «Бастау» жобасына қатысушылар саны екі есе артқан

2018 жылғы 25 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
3280 просмотров

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2895 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды

Үржар ауданы Мақаншы ауылының тұрғыны Серікбосын Ахметов 20 жыл бойы жеке шаруашылықпен айналысып келген. «Бастау» жобасы туралы естіген шаруа курсқа қатысып, мал шаруашылығы бойынша бизнес-жобасын сәтті қорғап алады. Тұрғын үйін кепілдікке қойып, 3 млн теңге мөлшерінде несие алды.

 Үржар ауданынң келесі тұрғыны Бағиза Еғымет бағдарламаға қызығушылық танытқаны сонша, ол сабаққа қолында сәбиімен қатысып жүрді. 1 750 000 теңге көлемінде несие оған жеке кәсіп ашуға негіз болды. Осы қаражатқа келіншек 6 бас ірі қара мен жем-шөп сатып алды.

«Бизнесті кіші нәрседен бастаған жөн. Әрине, жыламаған балаға емшек жоқ демекші, бастысы қол құсырып отырмау керек», – дейді Бағиза.

 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде «Бастау» бойынша 7 пилоттық ауданда 1313 адам оқып шықса, 2018 жылы жоба облыстың 15 ауданы 2 қала мен 4 моно қаласын қамтыды. ШҚО кәсіпкерлер палатасы мамандары жергілікті халытың бағдарламаға деген қызығушылығы артқанын айтуда.

  «Жоспарымыз – 2697 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығанды оқытып, ал кәсіп ашқан және бизнесті кеңейткен 539 жоба болып белгіленді.   6 лек нәтижесі бойынша 2895 адам  немесе  жоспарлы көрстекіштің 107%-ы оқу тәмамдады. Олардың 1921-і немесе оқығандар жалпы санының 66%-ы бизнес-жоспарларын қорғады», – деді ШҚО ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Ғалия Тоқтасынова.

 Жобалардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысына қарасты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ филиалы арқылы қаржыландырылды.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ ауыл тұрғындарын 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несиелеуді жүзеге асыруда. Филиал деректері бойынша биыл ауыл тұрғындары жалпы сомасы 2,4 млрд теңге көлемінде несие алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер