astana-view

Шербақты ауданында «Бастаумен» қандай жобалар іске асуда?

2019 жылғы 04 Қаңтар
- Павлодар облысы
5396 просмотров

Шербақты ауданында «Бастау» жобасы бойынша 2018 жылы 153 қатысушы оқып шықты, оның ішінде 150 адам бизнес-жобаларын қорғай алды.

Ауыл тұрғындары жобаға қатысып, өздеріне пайдалы ақпарат алды ма? Олар қандай жобаларды іске асырмақ?

Жылыбұлақ ауылының тұрғыны Күлікбай Боранбаев 45 жаста, ол тәжірибелі құрылысшы. Оның қызметіне аудан тұрғындары ғана емес шет аймақтар да жүгінеді, әсіресе үй салу, жөндеу жұмыстары жүргізу науқанында сұраныс жоғары.

«Бастау» жобасы туралы Күлікбай Боранбаев досынан естіді. Досы 2017 жылы жобаға қатысқан. Күлікбай Боранбаев «Осман» жеке кәсіпкерлігін ашты, мемлекеттік грант иесі атанды, осы қаражатқа құрылыс жабдығын алып, тапсырыстарды жылдам орындауға мүмкіндік алды.

«Бастау» жобасымен оқып шығып, көп ақпарат алдым. Оқудан күткен нәтиже толығымен ақталды. Оқу кезеңінде алған білімді практика жүзінде қалай тиімді пайдалану керектігін түсіндім. Бизнесім сәтті дамып жатыр, клиенттер саны артуда. Ары қарай кеңейіп, дамуды жоспарлап отырмын», – деді кәсіпкер.

Шербақты ауылының тұрғыны 32 жасар Бибігүл Мәкішева мамандығы бойынша фармацевт. Жүк тасымалдарын жүзеге асыру мақсатына 4 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Осы қаражатқа газель көлігін алып, бүгінде Павлодар қаласынан Шербақты ауданына жем-шөп тасымалдап жүр.

Өткізу нарығын зерттеген «Бастау» қатысушысы жүк тасымалын айналысу Шербақты ауданында жақсы сұранысқа ие болатынын анықтады. Ары қарай Бибігүл Мәкішева жем-шөп қоймасын ауылдың өзіне ашпақ ойы бар.

 «Бастау» жобасының түлегімін. Өткен жылдың сәуір айында жоба бойынша оқып шықтып, білім алып, келешекке, өзімнің идеяма деген сенім алдым. Жоба өзіме нағыз бастама алаңына айналды. Осы жобада көп адаммен таныстым, бәріміздің ойымыз бір жерден шықты, әркім кәсіп ашып, дамығысы келеді. Түсінбеген тұстар, тақырыптар, есептерді анықтап алдым, білімім молықты», – деді ауыл тұрғыны.

 Шербақты ауылының тұрғыны Маргарита Сафронова 28 жаста, келіншек маникюр шебері. Мемлекеттік грант қаражатына қосымша маникюр жабдығын сатып алды.

 «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау» атты жобасы арқылы мен көпшілік сияқты көп нәрсеге көзқарасымды ауыстырдым, өмірлік принциптерді қайта қарап, анағұрлым терең ойлауды, стратегия жасап, жоспар құрып үйрендім. Алған білімді бизнес идеяны жүзеге асыруда қолданғаныма қуаныштымын», – деді Маргарита Сафронова.

Евгений Кривошеев – тәжірибелі етікші. Ауылдастар Евгенийді хас шебер деп біледі, ол кез келген эскиз бойынша аяқ киім тіге алады. «Бастау» түлегі атанған шебер өзінің шеберханасына жаңа тігін жабдығын сатып алды. Қазір Евгений Кривошеев аяқ киімнен бөлек, автокөлік отырғыштарын қайта тігіп, автомобильге арналған тыс қаптарды әзірлейді.

«Бастау» – әсіресе ауыл-аймаққа қажет жоба. Біріншіден, оған жұмыссыздар қатыса алады. Екіншіден, жеңілдікпен несие және мемлекеттік грант алуға болады. Оқу барысында теориялық білімді практикада қолданып көрдім. Нәтижесінде бизнес-жобамды қорғап шықтым», – деді Евгений Кривошеев. 

Әсия Топанова – көп балалы ана. Ірі қара малды сатып алуға 3 млн теңге көлемінде несие алды. Ауыл тұрғыны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен қой сатып алмақ. Ары қарай асыл тұқымды сиырларды өсіру жоспарланған.

«Бастау» жобасының қатысушысы ретінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 млн теңге көлемінде несие алдым. Алынған қаражатқа қой сатып адым. Осылайша шағын шаруашылығымды жүргізе бастадым. Бизнесте отбасым, ішкі сенімділік көмектесіп жатыр», – деді Әсия Топанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер