astana-view

«Бизнес-мектеп» курсына 2,5 мыңнан астам алматылық қатысты

2019 жылғы 10 Қаңтар
- Алматы қаласы
4495 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен бизнесмендер мен кәсіп ашқысы келетін азаматтарға арналған тегін курстарға 2018 жылы 2737 адам қатысқан.

Кәсіпкерлік негіздері мен кәсіп ашуға қажетті базалық машықтар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші» екі күндік курсында оқытылады. Оқу аяқталған соң әр қатысушыға несие немесе грант алуға мүмкіндік беретін сертификат беріледі. 2018 жылы мұндай сертификатты 2398 алматылық алды.

 «Осы алған білімді әр ынталы «Бизнес-Өсу» курсында жалғастыра алады. Бұл курста уақыт, қаржы көздері, қызметкерлер, шикізат пен материалдарды тиімді басқару, сонымен қатар тауар мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру және өзіндік құнды төмендету бойынша білім мен дағдылар үйретіледі. Аталған курсты өткен жылы 190 адам оқыды», – деді Алматы қаласы ӨКП Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Қапанов.

 «Жобалық оқытуды» 76 алматылық оқыды, әр тыңдаушыға нақты бизнес түрін ашу мен дамыту бойынша егжей-тегжейлі   нұсқаулық беріледі.

Қазақ және орыс тілдерінде жүретін «Бизнес-мектептің» кез келген курсына Кәсікеплерге қызмет көрсету орталығына барып жазылуға болады (Алматы қ., Достық даңғылы 160, тел: 33- 101- 33 (ішкі 7556)

Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер жаңа басқару технологияларын, өндіріс технологияларын, жабдықтарды және қызметкерлерді оқытуды енгізу мәселелері жөнінде ақпарат пен білім беретін жоғары білікті мамандарды шақыра алады, сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату және шетелде тегін бизнес тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бар.

 

 «Аға сеньорлар» құрауышы шеңберінде 2018 жылы шетелдік әріптестердің қатысуымен 5 миссия өтті, 212 кәсіпкер «Іскерлік байланыс» жобасына қатысты», – деді Ержан Қапанов.

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тегін сервистік көмек пен консультациялар беріледі, 2018 жылдың ішінде 6711 қызмет түрі көрсетілді, 3456 қызмет онлайн-режимде services.atameken.kz порталы арқылы көрсетілді.

«Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қызметін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Tech Garden» ІТ-кварталы, «OpenAlmaty» Алматы даму орталығы, «SmArt.Point» коворкинг-кеңістігі, сонымен қатар «Салем» және «Мизам» базарларында алуға болады», – деп мәлімдеді ӨКП өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер