astana-view

Дәнекерлеуші «Бастау» жобасы арқылы бизнесін ұлғайтты

2019 жылғы 11 Қаңтар
- Павлодар облысы
7365 просмотров

Дархан Сыздықов – он саусағынан өнер тамған шебер. Ол дәнекерлеуші, өзгелер қоқысқа тастайтын керексіз заттарды, өңдеп кәдеге асырады.

«Бастау» жобасы арқылы ауыл тұрғыны жұмыссыздан жеке кәсіпкерге айналды. Дархан Сыздықов 28 жаста, екі баланың әкесі, Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылында туып, өскен азамат. Дәнекерлеуші болып көптен бері қызмет көрсетіп келеді. Бұл жұмыс түріне кәсіби түрде оқымаған.

«Өмірдің өзі үйретті», – дейді Дархан Сыздықов.

Оның үстіне бай тәжірибесіз жақсы дәнекерлеуші болу мүмкін емес. Кәсібилер арасында «жілігін шаққан» деген ұғым бар. Сондықтан барлық дәнекерлеушілер бастапқыда жұмысты қарапайым дәнекерлеруден бастағанды жөн көреді. Ал сәйкес практикаға ие болу үшін электродпен дәнекерлеу техникасы атты қажетті базалық білім керек. Осы білімді Дархан ауыл тұрғындарынан, көршілерден, туыстарынан үйренді. Біреуден болгарканы дұрыс ұстауды, темірді дұрыс кесуді үйренді, тағы біреуден металды өлшеу, түзеу, бүгу, шабу және аралауды меңгерді.

«Өмірлік тәлімгерлерім көп болды. Қолымнан бірдене келсе, мен осы кісілерге қарыздармын. Олардың бәрі жоғары білімдері жоқ халықтан шыққан шеберлер. Қазір қыс уақытында техниканы көктемдік жұмыстарға дайындап жатырмыз. Ал қақпалар мен қоршаулар, монша пештерін, темір есіктер, жылыту жүйесін жыл бойына әзірлейміз, бұдан бөлек ұсақ-түйек жұмыстар көп», – деді кәсіпкер.

Қазір Дархан Сыздықов «Бастау» жобасы бойынша оқудан өтті, бизнес-жоспарды әзірлеп, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін жабдық сатып алды. Жас кәсіпкер мемлекеттік грантқа қол жеткізді, бұл қаражатқа жаңа үлгідегі дәнекерлеу жабдығы алынды.  

«Шынымды айтсам, оқуға бірінші күні барғанда бұл не үшін керек деп ойладым. Бірақ уақыт өте келе, тренермен кәсіпкерлік негіздерін талдай бастағанымызда қызмет көрсетуімді кәсіпкерлікке айналдыру қажеттігін түсіндім. Кәсіпкерлік қызмет арқылы  армандарға қол жеткізуге болады. Жоба бойныша тегін оқытты, шәкіртақы да төледі. Енді «Бастау» көмегімен мен басауыш кәсіпкер атандым. Ауылға көмектесетін осындай бағдарламалардың барына алғыс айтамын», – деді Дархан.

Жаңа алынған жабдық тапсырыстарды көбірек алуға мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпкер клиенттік базаны қалыптастырып алды, демек тапсырыстармен мәселе туып отырған жоқ.

 «Бастау» қатысушысының ауылда өз бизнесін тапқаны қуантады. Бастамасы жаман емес. «Бастау» белсенді, ізденімпаз адамдар үшін таптырмас мүмкіндік», – деді бизнес-тренер Шарафат Трушева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер