astana-view

Таңбалау жүйесінің тұжырымдамасы болмаған кезде таңба салу мағынасы жоқ іс- Юлия Якупбаева

2019 жылғы 11 Қаңтар
2812 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында таңбалау бойынша жобалық кеңсенің бірінші отырысы өтті.

Эксперттер мен мемлекеттік органдар тауарды айналымнан шығаруды қамтамасыз ететін БКМ-на байланысты сауалдарды талқылады. Сонымен қатар, бірыңғай оператор құру, анықтамалар, деректерді беру құрылымы және бизнес-қоғамдастыққа қойылатын талаптар көтерілді.

Кеңесті ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева былай деді:

«ҚР ҚМ МКК қарауына келіп түскен БКМ техникалық талаптары жобасында отандық бизнестің осыған дейін жолдаған ескертулері ескерілмеген».

Бизнес  өкілдері БКМ әзірлеуде таңбалау жұмыстары аясында қатысуға дайын екендіктерін және отандық өндірушілерді: веб-кассалар және аппараттық-бағдарламалық кешен бағытында қолдау қажеттігін жеткізді.

ҚР ҚМ МКК өкілдері кеңеске қатысушыларды БКМ-ға қойылатын техникалық талаптарды талқылау бойынша жұмыстар бұрыннан жүргізіліп жатқаны және бизнестің ескертулері ескерілгенін хабардар етті. Алайда, техникалық себептерге байланысты «Атамекен» ҰКП БКМ техникалық талаптарының қате жобасы жіберілген. Бизнес-қауымдастық пен ҰКП атына келіп түскен қосымша ескертулерді қарастырғаннан кейін БКМ техникалық талаптарының пысықталған жобасы қарауға қайта жіберілетін болады.

БКМ бизнес өкілдері тауарларды таңбалау жобасына қатысуға дайын екендігін, сондай-ақ таңбалау кодтарын оқу-санау мәселесінде өздері дайындаған жобалар бар екенін хабарлады. Сонымен бірге, оларға деректер құрылымы және осы деректерді фискалдық деректер операторына беру бөлігінде жұмысты құруға болатын нақты техникалық талаптар қажет.

«Біз әлі нені таңбалауды шешкен жоқпыз. Бұл процесті тежейді. Таңбалау кезінде қандай жүйені пайдалану керектігін түсіну үшін барлық елдермен бірыңғай тауарлар каталогын құру қажет. Олар бір-бірімен бірыңғай жүйеде  «соғысу» үшін, - деді Қазақстанның ІТ-қауымдастығы қауымдастығының өкілі Евгений Максимов.

Бизнес-қауымдастық өкілдері жаңа БКМ сатып алу немесе оларды қайта бағдарламалау қажеттілігі туындаған жағдайда, техникалық талаптарға өзгерістер енгізілген сайын бизнеске қосымша жүктемені болдырмау үшін БКМ техникалық талаптарды әзірлеуге кешенді және жан-жақты қарауды сұрады.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар БКМ-ға қойылатын техникалық талаптар кассалық аппараттарға қатысты мәселенің бір бөлігі ғана екендігіне назар аударды. Бүгінгі күні бизнес келесі мәселелерді түсіну керек:

- БКМ марканы есептемеген тауармен не істеу керек?

- таңбалау туралы келіп түскен деректерді кім және қалай өңдейді?

- интернет жоқ аймақтар үшін деректерді беру қалай жолға қойылады?

- ҚР уәкілетті мемлекеттік органдары таңбалаусыз сатылатын тауарлардың айналымына қалай қарсы әрекет етеді?

- деректердің трансшекаралық айналымы қалай жүзеге асырылады?

Сондай-ақ кеңес барысында бірыңғай оператор мәселесі көтерілді. Бүгінгі күні темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаның операторы «Қазақтелеком» АҚ.

«Бізге халықаралық тәжірибе қажет. Бізге заңды түрде монополист ұйымды бекітпей отандық компанияларға қызмет көрсете алатын шетелдік технологияларды қолдану керек. Бізге бәсекелестік орта қажет»,  - деп «Қазақстан Кәсіпкерлер форумының» атқарушы директоры Мунавар Палташева ұсыныс білдірді.

ҚР ҚМ МКК өкілдерінің айтуынша, заң бойынша оператор конкурстық негізде іріктелетін болады. Ол үшін операторға талаптар жазылады.

«Мемлекеттер таңбалау туралы базалық келісім бекітілді, бірақ ЕАЭО кеңістігінде бақылау тұжырымдамасы осы уақытқа дейін қабылданбады. Ал дәл осы құжат негізгі принциптерді, архитектураны және таңбалау мен қадағалаудың бизнес-процестерін айқындауы тиіс. Бұл қағидаттарды түсінбестен міндетті таңбалау процесінің басталуы түсініксіз. Таңбалау жүйесінің бизнес-үдерістері мен архитектурасын анықтайтын тұжырымдама болмаған кезде таңба салу мағынасы жоқ іс», - деді Юлия Якупбаева.

Кеңеске қатысушылар ЕЭК ұсынған тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің архитектурасы жобасын қарауға арналған жұмысты жандандыруға, сондай-ақ тауарлардың ұлттық каталогын құру бойынша ұсыныстар беруге келісті.

Біздің анықтама: Тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша бизнестің келісілген ұстанымын әзірлеу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП бірнеше кеңес өткізу керектігін айтты. ЕЭК алаңында таңбалау жүйесін іске асыру қағидаттары мен механизмдеріне, сондай-ақ аяқ киімді, сүт өнімдерін, жиһазды, парфюмерияны, сыраны таңбалауда пилоттық жобаларға қатысты мәселелерді талқылау бағытында бизнестің қатысуымен жобалық кеңсенің отырысы өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер