astana-view

Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнес Кеңесші» курсы басталды

2019 жылғы 17 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6437 просмотров

16 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысында кәсіп бастағысы келетін адамдарды және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу негіздеріне оқытуға бақытталған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқытудың жаңа кезеңі басталды. Жалпы бірінші тоқсан ішінде 3 тренинг өткізу жоспарланған

Бүгін оқу орталығында келушілер қарасы қалың.  «Бизнес-мектеп» шеңберінде «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқуға 20-ға жуық адам жиналды. Екі күндік тегін оқу іс-шарасы негізінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіп ашқысы келетін азаматтарды жинады.

 «Бизнес Кеңесші» жобасы – жеке кәсіпті ашу бойынша қысқа мерзімді оқу. Біз маркетинг негіздері, адам рестурстарын басқару, бизнесті заң тұрғысынан жүргізу, қаржылық есептеулерге үйретеміз. Мұндай жобалар шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлерде дамытуға ынталандырады», – деді бизнес-тренер Елена Коняхина.

Бірінші лектің тыңдаушылары арасында Богдан Головин да бар. Соңғы бес жыл ішінде жігіт ағасы дәнекерлеуші болып жұмыс істеп келген. Жақында сүйікті ісі – омарташылықпен айналысуға бел буды.

«Қоғамға пайда әкелсем, қаржылық жағдайымды жақсартып, сүйікті іспен айналыссам деймін.   Омарташылықта тәжірибем бар. Әкем араларды өсіріп жатыр және жазды күні оған көмектесіп жүрем. Қазір жеке кәсіп ашпақпын. Тренингтегі мақсатым – білім алу, бастауыш кәсіпкерлерден тәжірибесін тыңдау, осында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де келеді», – деді Богдан Головин.

 Богданда Кривоозерка ауылында шағын жер учаскесі бар. Бизнес негіздерін меңгерген ауыл тұрғыны жеке кәсіпті бірден ашуды көздеп отыр. Ал Жайық Таев бизнес білімнен бөлек мемлекеттік қолдау шаралары туралы көбірек ақпарат алғысы келеді. Бұрын мемлекеттік қызметкер болып істеген қала тұрғыны бизнес саласында әлеуетін сынап көрмек.     

 

«Бірінші кезекте бизнес негіздерін оқығым келеді. Мемлекеттік органдарда жұмыс істегем, бірақ бизнеске араласпадым. Екіншіден, қолданыстағы мемлекеттік қолдау туралы, шағын кәсіпкерлікті несиелеу жайында көбірек білгім келеді. Ауылда қаз өсіріп жатырмыз, сондықтан құс шаруашылығын қолға алу жоспарда бар», – деді Жайық Таев.                                  

2018 жылы «Бизнес Кеңесші» жобасының түлектері жалпы сомасы 268 млн теңгеге 64 жобаны жүзеге асырды. Бұл бағытта барлығы 723 адам оқудан өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер