astana-view

Кәсіби көмек компанияның 7 ай бойына созылған мәселесін шешті

2019 жылғы 17 Қаңтар
- Ақмола облысы
15913 просмотров

Жеті ай бойы ақмолалық компания техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметті жүргізуге арналған аккредиттеуді ала алмай келген. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті шешім шығармай, созып келген

«Көкшестрой Технадзор» ЖШС өкілдері осындай қарапайым өтінім «жырға» айналып кететінін білмеген. 2018 жылдың шілде айында компания ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметті жүргізуге арналған аккредиттеуді алуға өтінім берген. Алайда мемлекеттік орган «Көкшестрой Технадзор» ЖШС күтпеген жерден өтінімді орындаудан бас тартқан.

 Белгіленген қағидаларға сәйкес аккредиттеуді растау үшін ұйымның штатында техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ең кемі үші аттестатталған  сарапшы болуы шарт. Бұл талапқа «Көкшестрой Технадзор» ЖШС сәйкес келді. Алайда Комитет өкілдерінің пікірінше, срапашылардың екеуі басқа аккредиттелген ұйымдармен еңбек келісімдерін жасаған.  

Палата сарапшылары, өз кезегінде Комитетке аттестаттаудан өткен сарапшылар «Кокшестрой Технадзор» ЖШС-ның шатында ғана жұмыс істейтінін растайтын құжаттар туралы кеңейтілген ақпарат берді.

Айта кетелік, Палата жоғарыда аталған дәйектермен ведомстволық органға екі рет (2018 жыл қаңтарда және қараша айларында) өтінім жасады. Түйін 2018 жыл 28 желтоқсан күні құжаттарды соңғы рет қарау кезеңінде Комитет аккредиттеу комиссиясының шешімімен ұйымға аккредиттеу туралы куәлік берілгенін хабарлады. Сәйкес өзгерістер аккредиттелген ұйымдар тізіліміне енгізілді. Аталған тізілім мемлекеттік орган сайтында жарияланған.

 Жуырда «Көкшестрой Технадзор» ЖШС өкілі мәселені тез әрі кәсіби түрде шешуге атсалысқандары үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары атына алғыс хат жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер