astana-view

Сауалнамадан онлайн өтуге болады

2019 жылғы 22 Қаңтар
12477 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған ауқымды сауалнаманы бастады. Телефонмен қоңырау шалу, сонымен қатар бизнес-объектілерге келіп, мамандармен сөйлесу арқылы бизнес-қоғамдастық өкілдері жеке мәселелерін айта алады

Бұған қоса «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-сауалнаманы іске қосты. Ол үшін сілтемеге өтіп, сауалнаманы толтырып, 4 сұраққа жауап беру жеткілікті. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Сауалнама:

-НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ШЕШУ

- кәсіпкерлермен тығыз кері байланысты орнату және кәсіпкерлердің өзекті деректер базасын жинақтау;

-онлайн-қызметтерді ұсыну мақсатында жүргізіледі.

 17 қаңтар күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған алғашқы ауқымды сауалнаманың басталуы туралы хабарлама таратты. Оның мақсаты бизнестің негізгі мәселелерін анықтау және кері байланыс орнату. Бұл туралы баспасөз-конференциясы барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады. Сонымен қатар сауалнамадан кейін кәсіпкерлерге арналған «Аtameken Services» порталында тіркеуден өтуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер