astana-view

Көкшетауда Маркетинг мектебі ашылды

2019 жылғы 24 Қаңтар
- Ақмола облысы
18408 просмотров

Көкшетауда Маркетинг мектебі ашылды. Жоба Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бастамасымен Қазақстан Маркетинг, жарнама және  PR федерациясы атсалысуымен ашылды.  Жоба таныстырылымына Ақмола облысында танымал кәсіпорындар қатысты

Жаңа жобаны құрудың мақсаты – Маркетинг мектебін ашып, ақмолалық кәсіпкерлерге замануи маркетингтік принциптерді қолжетімді ету. Қазіргі таңда Ақмола облысында түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар көп.  

Маркетингтік стратегияны кеңенінен қолдану компанияларға жаңа деңгейге шығуға – өткізу нарығын кеңейту, әлеуетті сатып алушылар санын арттыру, бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға көмектеседі.

«Жергілікті ахуалды зерттеп, өңірде осындай мектепті ашуды шештік. Негізінен маркетингтік қызметтер ірі қалаларда шоғырланған, ал ақмолалық кәсіпкерлерде мұндай қызметке қолдары жете бермейді. Цифрлық технологиялар дәуірінде алға іргелілеу керек, шығарылатын өнімді тиімді әрі тез өткізуге әрекет жасау керек. Оқу барысында маркетингтік стратегия құру және компанияңыздың сату көлемін арттыру үшін нақты, жұмыс әдістерін алуға мүмкіндік бар», – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

 Таныстырылым шеңберінде қатысушыларға арнап тренинг өткізілді. Тренер – Қазақстан Маркетинг, жарнама және  PR федерациясының президенті Тимур Сәбитов дағдарыстағы сатуды ұлғайту және бизнесті жаңа деңгейге көтеру үшін түрлі құралдар туралы әңгімеледі. Спикер сатылымды өсірудің дағдарысқа қарсы жоспар принциптерімен бөлісті.

Сонымен қатар Палата және Федерация арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Айта кетелік, оқу Көкшетау қаласында 18 модуль бойынша өтетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер