astana-view

«Бизнес-мектепке» қатысқан студент барбершоп ашты

2019 жылғы 24 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7709 просмотров

 Үш ай бұрын Азат Сағынғалиев барбершоп ашты. Жас кәсіпкер өзінің «сақалды» бизнесіне ерекше дайындықпен келді. Идеяны жүзеге асыруға инвестор, сонымен қатар «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» курстары көмектесті

Барбершоп ашу идеясы Азат Сағынғалиевте 16 жасында келген, сол уақытта жас жігіт алғаш рет ерлер сұлулық салонына барған. Жігітке салон концепциясы және барбер мамандығының өзі ұнаған. Электр мамандығына оқып жатқан студент ойы бір қарағанда орындалмайтын арман еді. Бірақ, Азат бастаған істі аяғына дейін жеткізетіндердің қатарынан, табанды жігіт.

Көрші Самара қаласында барберлікке үйрететін курс туралы естіген ол оқуға қатысады. Ал біліктілік пен тәжірибе жинауға Азат Алматыға барады. Оралға оралған ол жергілікті салондарда шеберлігін шындай түседі, клиенттер базасын қалыптастырады. Кәсіби маманға айналған Азат жеке кәсіп ашу үшін бизнес білім мен қаржы керектігін түсінді. Осы бағытта білім алу үшін Азат «Бизнес-мектеп» жобасына қатысты.

«Курстар маған қатты көмектесті. Бұл жаңа білім, таныстық, мотивация, бизнес-жоспар құру машықтары.  Жеңілдікпен несие ала алмадым, өйткені студентпін, ал жеке кәсіп ашуға қажетті бастапқы капиталды таптым. Клиенттерімнің бірі маған инвестор болып, серіктестік орнатты», – деді жас кәсіпкер Азат Сағынғалиев.

  Жиырма жасар жігіт барбершопты жаңа ықшам аудандағы көпқабатты үйдің бірінші қабатынынан ашты. Жалға алынған орынжайда әзірге бір ғана зал, жөндеу жұмыстары аяқталған соң екінші зал ашылады. Салонға алынған жиһаз – бірегей. Азат оны ағасымен бірге өз қолымен әзірледі. Интерьерге арналған дизайнды да Азат өзі таңдады.

«Барбершоптың атмосферасы ұнайды. Бұл жер жай ғана салон емес, бұл эстетикалық демалыс. Кіреберістің өзінде-ақ басқа әлемге енесің. Біз қонақтарға шай, кофе ұсынамыз, шахмат және үстел футболын, Playstation ойнауға, шаш пен сақалды әдемі қиып, барбермен түрлі тақырыпта әңгімелесуге болады», – деді кәсіпкер.  

 «Бизнес-мектеп» жобасы көп жас кәсіпкерге старт алаңына айналығанын айта кету керек.

 «Бизнес-Кеңесші» курсында былтыр 1065 адам, «Бизнес-Өсу» – 120 кәсіпкер, «Жобалық оқу» бойынша 65 адам оқып шықты. Жалпы сомасы 477,8 млн теңгеге 132 жоба қаржыландырылды», – деді БҚО ӨКП Қаржылай емес қолдау орталығының бастығы Мақсат Құланбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер