astana-view

Өскемендік бизнесмен қазақ тілін үйрету курсын ашты

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
4555 просмотров

Курс тыңдаушылардың басым бөлігі – орыс ұлтының өкілдері (70%). Мұндай деректерді кәсіпкер Ярослав Кушнарев келтірді

Мамандығы бойынша Ярослав Кушнарев – стоматолог. Он жыл бойы Ярослав стамотологиялық бизнеспен айланысып келеді. Ал қазақ тілін үйрету бойынша курс ашу идеясы оған кездейсоқ келген жоқ. Бизнесменнің айтуынша, оған дәйекті себеп бар.

«Жақында қазақ тілін үйренемін деп шештім, бірақ тиміді курстарды таппадым. Ондай курсты өзім ашуға бел будым. Әлеуметтік желіде алдын ала сауалнама жүргіздім. Көп адам қатысуға ынта танытты. Барлығын есептеп, іске кірістім. Жоба құрдым, оқытушы таптым. Оқытушымен бірге оқыту бағдарламасын әзірледік. Ары қарай орынжайды жалға алдым, жиһаз кеңсе заттары мен оқулықтарды сатып алдым да қызмет көрсетуді бастап кеттім. Айта кетейін, үлкен тәжірибесі бар педагог университетте жұмыс істеген, облыс орталығындағы ірі кәсіпорындарға оқу бойынша әдістемелерді дайындаумен айналысқан», – деді «Қазақ Зерде» ЖШС құрылтайшысы Ярослав Кушнарев.

«48 сағат ішінде базалық қазақ тілі» курстары үш ай бұрын басталды. Әзірге курсқа 15 адам барып жүр. Бір топта 4-5 тыңдаушы. Қазақ тілін үйренем деушілер арасында орыс ұлтының өкілдері басым. Қазақ тілін үйреніп жатқандар 27-40 жас аралығындағы адамдар.  Негізінен тыңдаушылардың көбі кәсіпкер.

 Ярослав топтарды құрауға дейін тыңдаушы қазақ тілін қандай деңгейде біледі, қазақ тілін үйренудің мақсаты қандай, және оған курстарға қатысуға қандай уақыт ыңғайлы болатынын анықтап алады. Тыңдаушылардың көбі бастапқы деңгейде, яғни алдымен қазақ тілінде сөйлеуді үйренгісі келетін адамдар. Жаттығулар аптасына 2 академиялық сағаттан 2-3 рет өтеді.

 «Осы бөлінген уақыт ішінде тыңдаушы  1 мың базалық сөз және барлық ережені меңгереді. Демек бүгін лексикалық минимум 40 сөз және грамматика. Біз осы грамматиканы талдаймыз. Сабақ соңында адам грамматиканы және сөздерді есте сақтайды. Келесі сабақта өткенді қайталау және жаңа тақырып пен ережені жаттау жүреді», – деді Ярослав Кушнарев.

Бұдан бөлек, кәсіпкердің айтуынша, окышыларға арналған қазақ тілі бағдарламасы бар. Бағдарлама арқылы мектепке баратын бала базалық білім арқылы қазақ тілін меңгереді, білетін деңгейін жетілдіре түседі. Сонымен қатар компаниялар қызметкерлеріне арналған базалық курс бар.

 Курстар туралы толық ақпаратты сілтемеге өтіп, танысуға болады:   

http://kazzerde.kz/


Еншілес ұйымдар

Серіктестер