astana-view

Аtameken services»: БҚО кәсіпкерлері жаңа бизнес-құралдарды бағалады

2019 жылғы 01 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
5938 просмотров

Орта есеппен күніне  6-7 оралдық «Аtameken services» порталына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеледі. Көбісі үй немесе кеңседен шықпай, консультация алып, қызмет түрлеріне тапсырыс береді

Самал Әкімғалиева былтыр «Бизнес-мектепке» қатысқан, бүгінде жеке кәсіп ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Бизнес Бөрілі ауданында жолаушылар тасымалымен байланысты. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен несие алу үшін Самалға бизнес-жоба керек. Өтінімді ол Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы берді.

 «Менеджер-кеңес беруші маған services.atameken.kz-ке тіркелуге көмектесті, шарттар туралы айтып беріп, бизнес-жобаны әзірлеуге өтінім берді. Өте ыңғайлы, оның үстіне тегін. Ары қарай «Несие агрегаторын» қолданып көрмекпін», – деді «Акымгалиева С.М.» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Самал Әкімғалиева.

Ізбасар Бекетов теректі ауданындағы «Шалқар» көлінде туристік базаны ашқысы келеді. Бизнес келешекті. «Дала теңізі» («Степное море») – Орал маңындағы танымал демалыс орындарының бірі. Ал туристік инфрақұрылым мұнда дамымай тұр.

 

 «Жер учаскесін алуға үшін бизнес-жоба керек. Маған Кәсіпкерлер палатасына баруға кеңес берді. Мен сайтқа тіркелдім, және жақын арада бизнес-жоба аламын деген ойдамын. Маған түсіндіргендері бойынша құжатты 15 жұмыс күні ішінде аламын, көп жағдайда әзірлеуге аз уақыт кетеді. Кейде өтінім берген соң келесі күні телефонға хабарлама келіп жатады. Адамдар жеке кабинетке кіріп, нәтижені көре алады», – деді «Бекетов И.Ж.» жеке кәсіпкерлігінің жетекішісі Ізбасар Бекетов.

 Бүгінде Орал қаласы және 12 ауданда кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама жүріп жатыр, оның аясында «АTAMEKEN SERVICES» порталына шамамен 1700 бизнес субъектісі тіркелді.

Жаңартылған портал – бұл 60-дан астам тегін сервистік қызмет төрт негізгі бағыт бойынша көрсетілетінін айтып кеткен жөн. «Несие агрегаторын» қолданып, кәсіпкерлер онлайн режимінде елдің барлық негізгі банктері мен қаржылық ұйымдарына несие алуға өтінім бере алады. Бизнес білімді кеңейту және қызметкерлерді қайта оқытуда «Atameken.Academy» сервисі жақсы көмекші. Ал кәсіби заңгерлік көмек «Құқықтық қорғау» бөлімінде қолжетімді. Сонымен қатар өтінім берушілерге бизнес-жоба, салықты есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу тегін көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер