«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Құрылыс комитеті өңірлер дамуына басымдық береді

07 Ақпан 2019
1654 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті саланың негізгі мәселелерін анықтап, билығы жылға жұмыс жоспарын бекітті

Комитет мүшелері құрылыс саласының еурокодтарына өтуі және құрылысқа ВІМ-технологияларды енгізу, қала құрылысын жоспарлау мәселелеріне назар аударды.

Айта кетелік, Қазақстанда еурокодтарға өту 2020 жыл 1 қаңтарға жоспарланған, осыған байланысты саланың кодтарды енгізуге дайындығы туралы түйткіл өзекті болып отыр.

«Бүгінде бизнес кодтарға толық өтуге дайын емес. Қызметкерлерді оқытып, қайта дайындаумен айналысатын мамандарымыз жеткіліксіз. Шағын кәсіпкерлер үшін қызметкерлерді қайта дайындау үлкен шығын. Ал жоғары оқу орындары болса шетте қалып отыр», – деді «Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы» Заңды және жеке тұлғалар республикалық бірлестігінің атқарушы директоры Мюаш Бисарова.

 Өз кезегінде Комитет төрағасы Александр Белович Еурокодтарға өту сөзсіз орындалатынын, алайда өңірлердегі дайындыққа баса назар аудару керектігін айтты.

Сонымен қатар Комитет мүшелері қала құрылысы жобалау мәселесін көтерді. Атап айтқанда,  елдімекендерді егжей-тегжейлі жобалау жобаларын жергілікті жерде бекіту мен жүзеге асыру мәселесі.

 Қазіргі таңда егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары болмаса,  құрылысқа арнап жер бөлуге тыйым салынған. Осы ретте жобалау жоспарының болуы мәселені шешпейді, өйткені егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары көп жағдайда жер иелерінің құқықтары және мүдделерін есепке алмай әзірленіп, түзетіледі.

 «Іс жүзінде қалай? Адал сатып алушы ретінде жерің болады, құрылысқа арнап жобаны әзірлейсің, алайда оны бастауға мүмкіндігің жоқ, өйткені әкімдік егжей-тегжейлі жобалау жоспарына өзгерістер енгізіп тастаған», – деді Александр Белович.

Спикер бұл мәселе жүйелі сипатқа ие және құрылысқа жер алуға, оның мақсатты пайдаланылуына әсер ететінін айтты.

«Былтыр салалық заңға: егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзетуге ол толық жүзеге асқанша  тыйым салу бойынша енгізілген өзгерту мәселені шешпей отыр. Бүгінгі егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары толық көлемде жүзеге аспайды, өйткені олар бірде бір елдімекенде басшылыққа алынбайды», – деді «Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы» Заңды және жеке тұлғалар республикалық бірлестігінің вице-президенті Серік Рүстембеков.

«Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің директоры Назира Үсенованың айтуынша, бұл мәселе назарға алынған.  

«Биыл Бас прокуратурамен ынтымақтастық шеңберінде Жол картасы бекітіліген. Карта аясында орындалатын шаралардың бірі –  қала құрылысын жоспарлау құжаттарын әзірлеу, бекіту және іске асыру жөніндегі әкімдіктердің қызметін талдау. Талдау нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес түзетулер енгізу жоспарланған», – деді Назира Үсенова.

 Игерілмеген жер учаскелерін тартып алу мәселесі өзекті. Заңнамаға сәйкес, үш  жыл бойы игерілмей жатқан жер учаскелерін қайтарып алынатыны жазылған.

 «Осы ретте заңнамада «игеру» түсінігі бекітілмеген. Жер учаскесі қандай белгілер бойынша игерілмеген деп саналады, түсініксіз»,– деді «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы Талғат Ерғалиев.

 Александр Беловичтің айтуынша, мұндай практика барлық өңірде көрініс тапқан.

 «Бізде бірыңғай тәсіл болмағанша, мәселе шешімін таппайды. Әзірге бизнес жерінен айрылып қалу тәуекелімен зардап көріп жатыр»,– деді Комитет төрағасы.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Комитет құрамын жаңа мүшелермен жаңартуды ұсынды.

 «Бүгінде Комитет саладағы түйткілді мәселелерді шешуге назар аударған. Ал өңірлердегі бизнестің мәселелері көп. Комитетке өңірдегі бизнес-қоғамдастыққа назар аударып, өңірдегі кәсіпкерлердің мәселелерін жақсы білетін әрі шешуге дайын адамдарды өз құрамына алу керек», – деп ұсынды Елдос Рамазанов.

 Комитет Ұлттық палатаның ұсынысын қолдады. Жиынды қорытындылай келе, Александр Белович жүйелі мәселелерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, мүдделі министрліктер және мемлекеттік органдар өкілдерінің талқылауына шығару қажеттілігін алға тартты.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер