«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Жамбыл облысында үш аптада 4000 кәсіпкер сауалнамаға қатысты

08 Ақпан 2019 - Жамбыл облысы
99 просмотров

Сауалнама аясында 827 кәсіпкер «Atameken Services» порталына тіркелді

Қазіргі таңда еліміздегі әр бизнес субъектісіне қатысты толыққанды бірыңғай ақпараттар базасы тапшы екені жасырын емес. Кейбір бизнес түрлерінің кенжелеп қалуына не себеп, экспортты ұлғайтып, импорттың азайту жолында қандай шараларды қолға алу керек, бизнесті нендей сұрақтар мазалайды. Осы және өзге де мәселелерді анықтау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел көлемінде кәсіпкерлер арасында өткізіліп жатқан ауқымды сауалнамаға қатысуға шақырады.        

Бұл сауалнаманы жүргізудегі негізгі мәселе – әр кәсіпкермен тілдесіп, пікірін білу, сұранысын есту, кері байланыс орнату. Қазіргі таңда 4000-ға жуық кәсіпкер сауалнамаға қатысып, пікірін білдірді.

 


Жамбыл облысында бүгінде жұмыс істеп тұрған 63 262 кәсіпкерлік субъектісі бар. Оған «Атамекен» ҰКП 300 қызметкері, ал өңірлік палатаның 22 қызметкері таңнан кешке дейін кәсіпкерлерді аралап, сауалнама жүргізу жұмыстарына кірісіп кетті.      

Әуелі Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының орталық базарлар мен сауда үйлері мен дүңгіршектерінен басталды. Алдағы уақытта өндіріс ошақтары мен кәсіпорындарды аралау жұмысы тұр. Осы ретте, барша аймақ кәсіпкерлерін сауалнама белсенді қатысуға шақырамыз.

17 қаңтар күні Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері арасында жұмыс тобы құрылып, бүгінгі күнге дейін 4000-ға жуық кәсіпкер сауалнамаға қатысты.

Сауалнаманың қорытындысы аясында Жамбыл бизнесін алаңдатқан проблемалар мен кем-кетіктердің айқын көрінісі белгілі болады. Кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама аясында «Atameken services» порталына 827 бизнес-субъектісі тіркелді.

Жаңартылған портал – бұл 60-дан астам тегін сервистік қызмет төрт негізгі бағыт бойынша көрсетілетінін айтып кеткен жөн. «Несие агрегаторын» қолданып, кәсіпкерлер онлайн режимінде елдің барлық негізгі банктері мен қаржылық ұйымдарына несие алуға өтінім бере алады. Бизнес білімді кеңейту және қызметкерлерді қайта оқытуда «Atameken.Academy» сервисі жақсы көмекші. Ал кәсіби заңгерлік көмек «Құқықтық қорғау» бөлімінде қолжетімді. Сонымен қатар өтінім берушілерге бизнес-жоба, салықты есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу тегін көрсетіледі.

Сондай-ақ, Өңірлік палатаның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы да «Atameken Services» қызметіне кәсіпкерлер жүгінеді. Атап айтқанда, көбінде 100-ден астам бухгалтерлік және салықтық есеп, статистикалық есепті құру, 100-ге жуығы маркетингтік сұрақтар бойынша, 20-дан астамы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша онлайн-порталға өтінім жіберген. 30-дан астам кәсіпкер бүгінде кеңсесі немесе үйден шықпай-ақ дайын бизнес-жоспарға алуға тапсырыс беріп, олардың барлығына  бизнес-жоспарлар әзірленді.

Мәселен, Байзақ аудандық жеке кәсіпкер Ақбота Шолановаға «Atameken Services» порталы арқылы етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал санын көбейту мақсатында бизнес-жоспарға тапсырыс беріп, қаржы институттары арқылы несиеге қол жеткізген. Жамбыл облысы аграрлы өлке болғандықтан мал шаруашылығын қатысты бизнес-жоспарлар қажеттілігі көп. Бұрындары ауылдағы ағайын білікті мамандарды іздеп, ақылы бизнес-жоспарлар жаздыртса, ендігіде табан тоздыртып, көше кезікпей, онлайн тапсырыс бере алатыны қуантады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Еңбегіне қарай марапат!
9 Қыркүйек
2015
Ақтөбе облысы
Жемқорлықты жеңу жолында
26 Мамыр
2016
Ақмола облысы
Ірі бизнес пен ШОБ арасындағы көпір
26 Ақпан
2016
Павлодар облысы

Серіктестер