astana-view

Таңбалау: билік пен бизнес ойын шарттарын талқылады

2019 жылғы 08 Ақпан
3250 просмотров

Дамушы елдер заңсыз жұмыс істейтін кәсіпкерлердің салдарынан жыл сайын 90 млрд АҚШ долларына тең салық түсімдерін жоғалтады

Бұл туралы «Цифрлық таңбалау және тауарлардың бақылануы» халықаралық форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мәлімдеді. Оның айтуынша, ЕАЭО кеңістігінде таңбалау және тауарлардың бақылануы жүйесін енгізу «қара» нарықпен күресуде ерекше маңызға ие болмақ.

«Лицензияланбаған өнім айналымымен күресу – экономика салаларын дамыту, отандық тауар өндірушілер үшін шығындарды азайту,  мемлекеттік бюджеттің кірісін кеңейтуде базаны өсіру және халық әл-ауқаты деңгейін арттыру үшін қосымша кеңістік құрудың іс жүзінде қолданыс таппаған  механизмі болып отыр»,– деді Асқар Мамин.  

Спикердің айтуынша, халықаралық тәжірибе таңбалаудың көлегейлі нарық үлесін қысқарту және қарастырылған салаларда салық жиналуын 20-40%-ға арттыруда тиімділігін дәлелдеген.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева таңбалауды тиімді енгізу үшін билік пен бизнеске мүдделер теңгерімін тауып, нақты «ойын шарттарын» белгілеу қажет. Жүргізілген жұмысқа қарамастан, ұлттық және ұлт деңгейінде шешілмеген мәселелер спектрі бар, соның ішінде:

 -таңбалауды жүзеге асырудың механизмі қалыптаспаған;

-салалар кескінінде таңбалауды жүзеге асырудың қаржылық моделі есептелмеген;

-Тауарлар катологі және Бақылану қатысушыларының катологін қалыптастыруда   ұлт деңгейіндегі  талаптардың болмауы;

-өндірушіден кассаға дейінгі бизнес-үдерістің бақылануы қалыптаспаған;

-трансшекаралық деректермен алмасу механизмі әзірленбеген.

Бұдан бөлек  Юлия Якупбаева таңбалауды енгізудегі бірінші кезектегі міндеттер бизнес-үдерістердің сәулеті, сонымен қатар интернетпен толық қамтуды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Тауарлар айналымының «өндірушіден кассаға дейін» толық циклын қамтамасыз етпей, таңбалау жүйесін енгізу адал бизнеске қосымша салмақ салады, әрі белгіленген мақсатты орындамайды», – деді Юлия Якупбаева.

  Сонымен қатар форум аясында ЕАЭО мүше мемлекеттері шеңберінде таңбалауды енгізу бойынша келісілген жұмысты жүргізу қажеттілігі мәселесі көтерілді. Осы бағыттағы жұмысты бөлек-бөлек жүргізу өзара саудада кедергі келтіріп, сондай-ақ, бизнеске қаржылық ауыртпалық әкелуі мүмкін.

 Сондықтан ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінде бақылану бойынша дұрыс шешім табу маңызды. Көршілеріміздегі процестерін көріп отырғанымыздай, мысалы, сүт өнімдері «адал белгісі» таңбасымен  жүре ме, әлде «Mercury» жүйесінде ветеринарлық сертификаттар негізінде қозғалысты жалғастыра ма, түсінік әлі жоқ.

«Атамекен» және Одақ мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы елдер арасында тауар айналым үшін жасанды кедергілерді болдыртпау мақсатында таңбалаудың халықаралық стандарттарға сәйкес тәсілдері мен принциптерін әзірлеуді қалайды», – деді Юлия Якупбаева.

Таңбалауды енгізуде ортақ тәсілді әзірлеу және мәселелерді ЕАЭО мемлекеттерімен талқылау мақсатында «Атамекен» алаңында Жобалық кеңсе құрылған.

«Бизнес таңбалау бойынша ерікті пилоттық жобаларды жүргізуді қолдайды. Сондықтан Жобалық кеңсе қалыптастырған ерікті пилоттық жобалар пулы үнемі толығып тұрады. Бұл дәрі-дәрмек, аяқ киім, велосипедтер, теміржол бөлшектері бойынша жобалар. КАМАЗ компаниясымен авто бөлшектерді отандық өндірушілермен бірге ішінара таңбалау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ақпан айының ортасынан бастап Комиссия төрт мүше мемлекетке арнап, аяқ киімді таңбалау бойынша ортақ жобаны әзірлеу механимзін іске қосады. Сонымен қатар отандық бизнес үдеріспен өзі танысып, өндірісте сұрағына жауап алуы үшін таңбаланбақ тауар топтары бойынша зауыттарға бару мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді Юлия Якупбаева.

Қорытындылай келе, Юлия Якупбаева бизнес-қоғамдастық өкілдерін бизнес мүддесін қорғау мақсатында «Атамекен» Жобалық кеңсесі жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар спикер Үкіметтен  жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық таңбалау жөніндегі жұмыс тобының жұмысын белсендіруді сұрап, темекіге арналған пилоттық жобаны ашық жариялау туралы ұсыныс жасады.

 Сессияны қорытындылай келе, Асқар Мамин осындай жиынды тәжірибе алмасу, пікірлерді шоғырландыру мақсатында жарты жыл сайын өткізуді ұсынды.

 Презентация: Таңбалау жүйесі мен тауарлардың бақылануы

Анықтама үшін: Бірінші форумға ЕЭК сауда бойынша алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина, ҚР Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлі Жеңіс Қасымбек, РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Беспрозванных, РБ Салық және алымдар жөніндегі министрдің орынбасары Владимир Муквич, Қырғызстан Экономика министрі Дастан Қадыров, сондай-ақ «Қазақстелеком» АҚ, «ЦРПТ» ЖШҚ қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер