astana-view

Бизнес өкілдері кәсіптік білім беруде практиканың көп болғанын қалайды

2019 жылғы 19 Ақпан
3410 просмотров

Бизнес өкілдері колледж студенттері үшін практикалық сағаттарды көбейту туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысын қолдады

 Бүгінде бизнес алдында кәсіби кадрлар мәселесі өзекті болып тұр.

«Нарық жаңа стандарттарға сәйкес келетін жоғары білікті мамандарға зәру», – деп бастады сөзін «Атамекен» ҚР ҰКП Ревизиялық комиссиясының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов.

Кәсіпорындар талаптары бойынша сапалы мамандарды дайындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі колледждердің таңдауына оқу бағдарламаларының екі моделін ұсынды

  Біріншісі – бұл толыққанды дуальді білім берудің моделі, оның негізінде жалпы білім беретін сағаттар қысқарып, кәсіпорындарда жүзеге асатын практикалық сабақтар ұлғаяды (оқу уақытының 60%-ы). Осы ретте жалпы білім беретін циклда кәсіптік деңгейде өсіретін, кәсіби қызметке маңызды пәндер ескерілген.

Екінші модельде жалпы білім беретін пәндер қысқартылмайды. Сонымен қатар оқудың жалпы уақытының 40%-ы өндірістік оқуға және кәсіптік практикаға жұмсалады.

«Бірінші модельде халықаралық тәжірибені, жұмыс берушілердің тілектерін ескердік. Модель өндірісте өтетін практикалық сағаттарды жекелеген жалпы білім беретін пәндерді базалық және кәсіби модульге біріктіру арқылы  ұлғайтуды көздейді»,– деді ҚР БҒМ Кәсіптік-техникалық білім беру департаменті директорының орынбасары Ернат Жүнісов.    

 Министрлік алғаш рет кәсіпорындардың студенттерді өндірістегі пратикалық оқытуға кеткен шығындарын өтеу бойынша механизмді (қорғау шаралары, шығын материалдары) әзірлеп жатыр. Егер осыған дейін мемлекеттік бюджет тек колледждердің шығынын өтеген болса, енді кәсіпорындардың шығындары да ескеріледі. Министрліктің есептеулеріне сәйкес, жылына кәсіпорынға бір студентке орта есеппен 100 мың теңге бөлетін болады.

«Өзгерістер және оқытуды жоспарлауға қатыса алатынымыз қуантады. Демек, оқу моделін ертең студент жұмыс таба алатындай етіп, құра аламыз.  Бала сабақтаң соң кәсіпорынға келіп, практикалық білімді шындауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Министрліктің шығындарды өтеу бойынша өзгерістері ұнап жатыр. Енді кәсіпорындар да бұл үдеріске құлшыныспен қатысатын болады», – деді  отель «Radisson Hotel, Astana» қонақүйінің менеджері Индира Берсүгірова.

«Компаниямыз астаналық политехникалық колледжбен дуальді білім беру бағдарламасы аясында екі жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Министрліктің оқу бағдарламаларының икемдігіне қатысты ұсынысын қолдаймыз.  Қазір өндірістік оқыту бойынша шебер колледжде емес, кәсіпорында уақытын көбірек өткізсе деген тілегіміз бар», – дейді «Bazis Construction» ЖШС филиалының студенттер жұмыс жөніндегі инспекторы Надежда Гутовская.

 Селокторлық талқылауға 100-ден астам жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты, олар мұндай өзгерістерге, оқытудың жаңа форматына  бір ауыздан қолдау білдірді. Биыл қыркүйекте оқытудың жаңа моделін және кәсіпорындардың шығынын өтеуді енгізу көзделген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер