astana-view

«Атамекен» Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заң жобасын қарауға алды

2019 жылғы 19 Ақпан
7785 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы келіп түсті. Заң жобасын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген

Жаңа Заңда асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері жөнінде қоғамдық қатынастырды реттеу мәселелерін жүйеге келтіру ұсынылады.

 Заңды реттеу саласы – асыл тұқымды малдың гендік қорын сақтау және көбейту,   сондай-ақ олардың өнімділік қасиеттерін көбейту және жетілдіруге бағытталған асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін анықтау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттеу.

  Заң жобасының ұсынымы:

  1. Салық кодексіне ірі қара малды, сондай-ақ асыл тұқымды малдың барлық түрін импорттау кезінде қосылған құн салығы бойынша талаптарды алып тастау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енізу;
  2. Асыл тұқымды малдың ұрығын өткізумен айналысатын дистрибьютерлік орталықтардың сәйкес республикалық палатада тіркелуі;
  3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, өкілетті орган және жергілікті атқарушы органдардың құзіретін қайта қарау;
  4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау органдарын тарату;
  5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық палаталардың қызметі мен өкілеттілігін сараптау;
  6. Жаңа терминдер мен анықтамаларды енгізу, сондай-ақ заңнамада бұрын қолданылған терминдердің анықтамалары мен түсінігі толықтырылып, өзгертілді.

Егер Тұжырымдама және заң жобасына қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертпелеріңіз болса, ақпаратты Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментіне жолдауды сұраймыз: Чункунов Қуандық Сағатбайұлы, k.chunkunov@atameken.kz, тел: 919 325.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер