astana-view

Жеті институтты қайта құру туралы

2019 жылғы 20 Ақпан
8896 просмотров

Мемлекеттік кәсіпорындарды құруға «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылауды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 7 институтын қайта құру  (республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын формасын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға өзгерту жолымен) туралы сұратым жарияланды. Атап айтқанда:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  2. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  3. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  4. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атында әдебиет және өнер» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  5. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  6. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
  7. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны.

Жоғарыда аталған әр институтқа қатысты қосымша материалдармен (түсініктемелер, жоспарланып отырған іс-шаралар, ағымдағы жарғылар, жаңа жарғылардың жобалары) мына тізім бойынша жекелей танысуға болады:

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер