astana-view

Тараздың іскер ханымдары «BUSINESS LADY QAZAQSTAN» байқауына қатысады

2019 жылғы 21 Ақпан
- Жамбыл облысы
3971 просмотров

Жамбыл облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған жаңа жоба қолға алынды. «Business Lady Qazaqstan» респубилкалық байқауының екінші маусымы Тараз қаласынан басталмақ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының жетекшісі, блогер Сәуле Кайсар, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Іскер әйелдер кеңесінің Төрайымы Айгүл Ақшалова баспасөз конференциясы барысында айтты. Сондай-ақ, байқаудың қатысушысы, «Golden Caravan Travel Company» компаниясының басшысы Альбина Ваймер де байқаудың мән-мағынасы туралы баяндап, спикерлер БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

«Биылғы жылы елімізде «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының екінші маусымы басталды және бұл іс-шараны өткізуді Тараз қаласынан бастауды жоспарлап отырмыз. Байқауды өткізу күні 2019 жылдың 28 наурызына жарияланды» – дейді блогер Сәуле Қайсар. 

Бұл байқау өткен жылы еліміздің көптеген өңірлерінде сәтті өтті және бізді осы облыстардың басшылығы толығымен қолдаған болатын. Финалға дейін біздің тәлімгерлер командасы оларды еліміздің жетекші жаттықтырушыларынан, блогерлерден және имидж-стилисттерінен мастер-класс ұйымдастырып, жарысқа дайындайды. Сөйлеу шеберлігі, психология, юриспруденция, мәнер мен сыртқы көріністі трансформациялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беру сынды шеберлік тәсілдеріне үйретілетін болады.

«Business Lady Qazaqstan» байқауы – бұл мәдени-көпшілік іс-шара. Мақсаты - әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, әйелдердің рөлін арттыруға, әйелдердің бизнестегі рөлін тануға, кәсіпкер мен көшбасшы ретінде әйелдің мүмкіндіктерін ашуға қолдау білдіру. Сонымен қатар, бағдарлама «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне, тарихына және мәдениетіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.

«Іс-шараға облыстың 15 кәсіпкер-әйелі қатыса алады. Қазіргі таңда бес үміткер іріктеліп алынды. Енді алдағы уақытта, аудан кәсіпкерлерін қатысуға шақыруды мақсат қойып отырмыз. Тұрмыстық жағдайы қалтасын көтермейтін іскер ханымдар үшін арнайы демеушілер тарапынан қолдау бар» – деді Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова.

Байқау жас ерекшеліктерін талғамайды, түрлі салаға жетекшілік еткен нәзікжандылар қатыса алады.Жеңімпаз Астана қаласында республикалық байқауының финалында Жамбыл облысының атағын қорғайтын болады.

Өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған бизнес-лэди тәжірибе жинақтауға Франция еліне жолдамаға ие болады.

Байқауға қатысуға қызығушылық танытқан әйел кәсіпкерлеріне  8 (747) 474 43 43 нөміріне (Виктория) хабарласуларына болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер