astana-view

«Іскерлік байланыс» жобасының түлектері Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр

2019 жылғы 12 Наурыз
3408 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік байланыс» жобасына қатысушылардың бірінші тобы Германияға тағылымдамаға аттанды

 2018 жылы байқау негізінде іріктелген 39 тыңдаушының 19-ы бүгін Германияның Тюбинген қаласында тағылымдамадан өтіп жатыр.

Шетелдік тағылымдаманы жүзеге асырудағы «Атамекеннің» серіктесті – Халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қоғамы (GIZ).

Төрт апталық тағылымдама барысында қатысушылар бейінді бағыт бойынша кәсіпорындарға барады, нақты басқарушылық машықтарды игереді, технологиялар трансферті, жабдықты алу, тауар, жұмыс, қызметтерді өзара жеткізу, франшиза сатып алу, берлесіп кәсіпорын ашу мәселелері бойынша іскерлік байланыстарды орнатады.

Бұдан бөлек 2019 жылдың 1-кезең оқуы мамыр айында республиканың 17 өңіріне өтеді! Толық ақпарат алу үшін «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының көмегіне жүгіну керек, сонымен қатар барлық ақпарат ресми сайтта бар.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер