astana-view

Қазан қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді

2019 жылғы 13 Наурыз
1802 просмотров

24-27 сәуір аралығында Қазан қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді, онда қазақстандық компаниялар ауыл шаруашылық өнімдері, азық-түлік, халыққа арналған өнімдер және өнеркәсіптік тауарларды ұсына алады

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар және әлеуетті тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қарым-қатынастарды жандандыру, сонымен қатар екіжақты кездесулерді өткізу.

Сауда-экономикалық миссияны «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырып, келесі шығындарды өтейді: сауда-экономикалық шараны өткізуге арналған жабдықталған мәжіліс залын жалдау, кофе-брейк пен түскі ас, қазақстандық қатысушылардың орналасуын және миссия өтетін елдегі трансферін ұйымдастыру.

Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктік шығындар және т.б.) қатысушылар өздері өтейді. 

Миссияға қатысуға ынта білдіргендерді 27 наурызға дейін мына  сілтеме арқылы тіркелуді сұраймыз. 

Сұрақтар болса, мына нөмір арқылы хабарласуға болады: Абай Абдрахманов,   + 7 7172 279054 (вн.201), ab.abdrakhmanov@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер