«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Алматыда «Сауда әлемі» ритейлдер және жеткізушілердің халықаралық съезі өтті

14 Наурыз 2019 - Алматы қаласы
192 просмотров

Заманауи ритейл компанияларының басшылары және ірі жеткізушілердің 10-ші мерейтойлық халықаралық съезіне Қазақстандағы «Magnum», Өзбекстанның «Makro» компаниясы, Беларусьтен «Рублевский», Армениядан «Sas Group», Әзербайжаннан «Каспиан», Ресейден «Бахетле» сынды танымал сауда желілері қатысты

Сатып алулардың халықаралық орталығында 35 отандық сауда өндіруші, 200-ге жуық сатып алушы және әлемнің 10 елінен келген 100-ден астам жеткізуші қатысты.

 «Бұл алаң халықарылқ ритейлдің ірі қатысушыларын жинап қана қоймай, сонымен қатар жыл сайын өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Іс-шараның өзінде дәстүрлі түрде жеткізушілер Конвент гипермаркетінің сөрелерінде өз өнімдерін таныстырады, сауда желілерімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қояды, жеткізілімдер шарттарын келіседі. Әр Конвент орта есеппен 6 000-ға дейін екіжақты кездесу өткізеді, нәтижесінде 500-ге жуық келісімшарт жасалады», – деді Конвентті ұйымдастырушы, «EXIM Partners» Бас директоры Елена Сарғалдақова.

 Компания басшылары Съезінің мазмұнды күн тәртібінде: сауда заңнамасы, қазақстандық өнім экспортының мүмкіндіктері, саланың кәсіпқой мамандарын дайындау, контрафактілі өнім, жеткізушілер және ритейлдердің нарықтағы өзара әрекеттесуі сынды негізгі мәселелері талқыланды.

 «Сауда саясатына тоқталып өтсем. Биыл Комитет ішінде осы мәселені егжей-тегжейлі қолға алуды шештік. Өйткені, бірінші кезекте  ритейл сауда – өндіруші, әзірлеуші, ритейлдердің өздерінен бастап тұтынушыға дейін тізбектегі маңызды құрауыш екенін жақсы түсінеміз. Желілік сауда болсын, ұйымдастырылмаған сауда болсын – көп өндірушілердің, өңдеушілердің, инфрақұрылымдық шешімдер иелерінің тағдыры сауда күй кешіп жатқан жағдайға тәуелді. Демек, біз қоғамдық, үлкен ауқымды және іскерлік белсенді топқа үлкен әсер етудеміз. Мемлекетпен қарым-қатынас іскерлік белсенділікті ынталандыратындай етіп құрылуы тиіс, осылайша сауда Қазақстанның жалпы дамуына қатысады. Жаһандық сауда және өңірлік сауда саясаты өзекті болып барады. Валюталық құбылмалылық, қатты әлемдік валюталарға да, сондай-ақ аймақтық валюталарға қарсылас ретінде  жай ғана белгісіздікті тудырмайды. Ол өндірушілерге жоспар құру, ішкі және жаһандық тұрғыда сауда күштерін шоғырландыруға атсалысуға мүмкіндік бермейді. Салық, мамандар, индустриялық саясат, қаржыға қатысты сұрақтар көп. Бірақ Қазақстан нарығында соңғы бірнеше жылда шоғырлануға деген қарқынды трендтер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық операторлардың пайда болғанын байқап отырмыз», – деп хабарлады «Сауданынң әлемдегі бүгіні мен ертеңі. Визионерлер көзқарасы» пленарлық сессия барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Сауданы дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.

  Сессия барысында қатысушы елдердің нарықтарының мүмкіндіктері мен тәуекелдері, бөлшек саудада шет елдердің саудасын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін табу мақсатында жаһандық бөлшек саудадағы негізгі экономикалық және бизнес бағыттары талқыланды. Қатысушылар сондай-ақ, Қазақстандағы сауданы мемлекеттік реттеу мәселесін: көлейгейлі экономикамен күрес қалай жүріп жатыр, отандық өндірушілер қандай қолдауды ала алатынын көтерді.

 Жетекші сауда желілері топ-менеджерлері, өндірушілер, дистрибьютерлер және трансұлттық компаниялар басшыларының пікірінше, Қазақстан ритейлінің алдында тұрған ең өзекті мәселе – қызметкерлердің кадрлық дайындығы.

 «Metro Cash&Carry» компаниясының даму бойынша директоры Константин Макаренко: «Ресми дерекетер бойынша, 2018 жыл соңына қарай сауда саласында 1,4 млн-ға жауық адам жұмыспен қамтылған, демек елдің жұмысқа қабілетті адамдардың 10%-ы саудада. Осы ретте салада сапалы мамандарға деген тапшылық үлкен болып тұр. Қазақстанның замануи бөлшек саудасы небәрі жалпы көлемнің 23%-ын құрайды. Бұл тым аз. Ресейде бұл көрсеткіш 66%-ға тең. Меніңше, мемлекет осы салаға қатынасын өзгертуі керек. Мамандарды дайындау мәселесі өте өзекті», деді.

 Өз кезегінде ұлттық бөлшек сауданың көшбасшысы саналатын «Magnum Cash&Carry» компаниясының коммерциялық директоры Яков Фишман заңды нарық секторын реттеу мен қорғау қажеттігін атап өтті: заманауи сауда өсуінің жоғары қарқынына қарамастан ұйымдастырылмаған бөлшек сауданың үлесі әлі де жоғары деңгейде. Сауданың ары қарайғы дамуы операторлар тарапынан да, мемлекет тарапынан да үлкен күшті қажет етеді.

"Алматыда 53 базар жұмыс істейді, оның 7-і арнайы болса, 46-сы – әмбебап. 17 базарға 16,3 млрд теңге инвестиция құйылып, модернизациялау жүргізілді (28%). Алматы қаласы бойынша базарларды жаңарту жұмысы 2020 жылдың аяғына дейін жалғасады деп күтілуде.  «Жібек жолы» өңірлік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеге 5 базарға модернизация жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар бір мезгілде 300 000 тонна көкөніс, ет және балық өнімін өткізе алатын Бөлшек-тарату орталығын ашу көзделген», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Бағдат Телебай.

«Сауда әлемі» конвентінің нәтижесінде сәйкес бағыттар бойынша бірнеше жұмыс тобы құрылады, бірлескен стратегиялар ұсынылды, бизнес және биліктің бірлесіп, саланың мәселелерін шешуге арналған жоспар мақұлданды.  

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер