astana-view

Кәсіпкерлер форумында сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалдар талқыланады

2019 жылғы 14 Наурыз
2548 просмотров

2019 жылдың 15 наурызында Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтарға байланысты кәсіпкерлердің  ІІІ Республикалық форумы өтеді.

Форум барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекеннің» 2018 жылға арналған Жол картасы бойынша атқарылған істері қорытындыланып, алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы бірлесіп атқаратын іс-әрекеттер жобалары талқыланатын болады.

Форумның басталу уақыты – 15.00. Форумды Atameken business телеарнасы тікелей  эфирден көрсетеді. Сондай-ақ, «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының  Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Өздеріңізді қызықтырған сұрақтар болса WhatsApp арқылы  +77073506307 нөміріне немесе 112@atameken.kz электронды адресіне жолдай аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер