astana-view

SMM және MMM – бизнесті алға жылжытудағы негізгі құралдар – Лаззат Рамазанова

2019 жылғы 18 Наурыз
4205 просмотров

Болашақ – қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын ақпараттық технологияларда

Осындай пікірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова Алматыда өткен «Әлеуметтік желілердегі шынайы Қазақстан» SMM және MMM мамандарының алғашқы конгресінде айтты.

Спикер адамзаттың қарқынды дамуының қозғауышы – оның ақпаратты беру және кооперацияға ұйымдасу қабілеті екенін атап өтті. Қазіргі таңда әлеуметтік медиа және мессенджерлер – қоғамның бизнес және мемлекетпен байланыс орнатуының негізгі арнасы болып отыр. Қазақстандықтардың 70%-нан астамы әлеуметтік желілерді пайдаланады.

 «Бастапқыда әлеуметтік желілер тілдесу үшін құрылған болса, бүгінде цифрлық технологиялар платформасында адамдар тауарлар мен қызметтерді сатады, имидж жасап, қоғамдастықтарды құрып, жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда. Үлкен бизнес, әлемге танымал жандар мен саясаткерлер смартфонға қол созым қашықтықта қолжетімді болды», – деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

 ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, цифрлық технологиялар арқылы коммуникациялардың бүкіл процесі демократтанды: жекеменшік компаниялар клиентті өздерінің өнімдерімен қанағаттандыруға тырысады, жұмыс берушілер «мінсіз қызметкерді» жұмысқа тартуда, түрлі жастағы адамдар өздеріне ниеттес адамдарды іздеуде, ал билік қоғамның көңіл-қошын саралап, өзінің атқарған жұмысын жария етеді.

 «Үлкен бизнес, әлемге танымал жандар мен саясаткерлер смартфонға қол созым қашықтықта қолжетімді болды... Әлеуметтік желілердің бірегейлігі барлық қолданушылар арасында бір-бірімен кері байланысты қамтамасыз етіп, көлденең қарым-қатынастар жиынтығынан тұрады», – деп хабарлады Лаззат Рамазанова.

 Спикер әлеуметтік желілердің артықшылықтарын айта отырып, цифрлық технологиялармен байланысты тәуекелдерді ескеру керектігін айтты.

«Коммуникациялардың қолжетімдігі ақпаратты қастық ойлаушылардың тарапынан айла әрекеттер мен  шабуылдарына осал, қорғансыз етті. Жеке мәліметтер оп-оңай көпшілікке жариялануы мүмкін. Осы жайт әлеуметтік желілерді қолданудан алыстатады. Сондықтан, меніңше, болашақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, оның ішінде адамға қауіпсіз келетін желілерде ғана келешек бар», – деп қорытындылады Лаззат Рамазанова.

 «Әлеуметтік желілердегі шынайы Қазақстан» SMM және MMM мамандарының алғашқы конгресін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан аккредиттелген   «ҚР SMM және MMM қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды. 

*Анықтама үшін: SMM (Social media marketing) және МММ (Messenger media marketing) - әлеуметтік желілер мен месенджерлер арқылы компанияларды, өнімдерді / брендтерді насихаттауға бағытталған маркетингтік шаралар жиынтығы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер