astana-view

«Бастаумен» басталған «тәтті» бизнес

2019 жылғы 01 Сәуір
- Павлодар облысы
4336 просмотров

Жеке аспаздық цехын ашу иедясы Чернорецк ауылының тұрғынын «Бастау» жобасына қатысуға құлшындырды

Сәния Сағитова жоба туралы ауыл тұрғындарынан кездейсоқ естіген. Кәсіпкерлік негіздерін оқу және жеке кәсіпті ашу мүмкіндігі әйелді қатты қызықтырды. Сондықтан ол осы мүмкіндікті қалт жібермеді. Сәния Сағитова мамандығы бойынша бухгалтер, оқу орнын аяқтаған соң тұрмыс құрып, қазір үш баланы тәрбилеп отыр.

«Жақындарыма арнап дәмді тағамдарды жасағанды өте жақсы көрем, әсіресе кондитерлік өнімдер жаныма жақын. Бастапқыда туыс-туғанға арнап нан-тоқаштарды пісіріп жүрдім. Өнімдер көптің көңілінен шығып, менен ылғи рецептілерін сұрайтын болды. Осы кезде жеке аспаздық цехын ашу идеясы келді», – деді бастауыш кәсіпкер.

Бизнес-идеяны жүзеге асыруға «Бастау» жобасы көмектесті. Жоба арқылы Сәния Сағитова кәсіпкерлік білім алды, бизнес-жоспар құрып үйренді. Комиссия жобаны ұтымды деп танып, келіншек гранттық қаржыландыруға қол жеткізді.

Грант қаражатын кәсіпкер қажетті жабдық сатып алуға жұмсады. Өткізу нарығын зерттеуге уақыт жұмсалған жоқ. Өйткені, келіншектің тұрақты клиенттер базасы қалыптасқан. Енді Сәния Сағитова кондитер өнімдерін отбасы мүшелеріне ғана емес, ауыл тұрғындарына да әзірлейді. Өнім ассортименті сан алуан, дәмі тіл үйіреді.  

 «Бастау» жобасының бизнес-тренері Жанна Рамазанованың айтуынша,  Сәния Сағитова кәсібіне ерекше ынта танытады, бұл табысты кәсіпкерлерге тән қасиет.

 14 наурыз күні «Бастау» жобасының  биылғы бірінші легі бсталды. Павлодар ауданында оқу партасына 25 ауыл тұрғыны отырды, олар Сәния Сағитова сияқты жеке кәсіп бастағысы келеді. Жалпы Павлодар ауданы бойынша 2018 жылы 150 адам «Бастау» жобасымен оқып шықты. Соның ішінде 75 адам грант және жеңілдетілген несие түрінде қаржыландыру алды, шамамен 75 жоба ашылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер