astana-view

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде позицияларды қалай жоғарылатуға болады?

2019 жылғы 16 Сәуір
2848 просмотров

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту шеңберінде «Атамекен» алаңында бухгалтерлік есептілік және аудиторлық қызметтің мәселелері талқыланды

 Былтыр Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінің «Аудит және есептілік стандарттарын жетілдіру» индикаторы бойынша 140 елдің ішінде 100-орында тұрақтады. Естеріңізге салсақ, индикаторға сәйкес келуді анықтаудың бір әдісі – сауалнама жүргізу. Атап айтқанда сауалнамада: «Сіздің еліңіздегі аудит және есептіліктің стандарттары қаншалықты мықты?» деген сұрақ бар.

 «Қазақстанда жекелеген ұйымдарға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары 2003 жылдан және аудиттің халықаралық стандарттары 2006 жылдан қолданып келеді. Бұл шара отандық ұйымдардың халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ету және шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында қолға алынған», – деді ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемесі департаменті директорының орынбасары Ақ-бала Әлиева.

 Қазіргі таңда әлемнің 166 мемлекеті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) және Аудиттің халықаралық стандарттарын (АХС) қолдануда. 2015 жылы Қазақстанда корпоративті есептілік инфрақұрылымына бағалау жүргізілді, соның нәтижесінде қаржылай және қаржылай емес есептілік және корпоративтік басқару бөлігінде проблемалар анықталды. Соның ішінде проблемалық мәселелерді алып тастау бойынша ұсынымдар жасалды:

  • бухгалтерлік есептілік және аудит саласында дербес қадағалау органын құру;
  • бухгалтерлер білімі халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіпқой бухгалтер сертификатын алу үшін кәсіби этика бойынша курсты енгізу;
  • корпоративтік басқарудың бірыңғай кодексін енгізу.

Қазақстан аудиторлары палатасының президенті Ақан Арыстанның айтуынша, қазіргі таңда аудиторлық қызметте 5 жария акционарлік қоғамы жұмыс істейді.

 

«Жыл сайын шағымдар және біліксіз атқарылған аудиторлық тексерулер саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Қазақстанда жылына 200-ге жуық жаңа маман пайда болуы мүмкін. Әр жария акционерлік қоғамы өзінің ережелері мен бастауыш мамандарға арналған емтихандарын тағайындай алады. Сондықтан ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бірыңғай кеңесті құруды ұсынды», – деді Ақан Арыстан.

 Осы ретте аудиторлық қызметті лицензиялау және Жария акционерлік қоғамын аккредиттеу бұрынғы режимде жүргізіледі.

«Сонымен қатар бизнес-қоғамдастық этика мәселелеріне назар аударды. Бұл өзекті мәселе, өйткені инвестор қызмет көрсету сапасы нашар, салығы қатан елге инвестиция салмайды. Бізге алдымен жеке нарығымызды қорғап алу керек», – деді «Қазақстанның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары қауымдастығы» ЖШС бас директоры Лейла Нұрахметова.

 Айта кетелік, субъектілер сапалы және сенімді қаржылық есептілікті құрулары үшін Қазақстанда сертификаттау және біліктілікті жоғарылату жүйесін қолданады. Бұл шара бухгалтер және аудитор сертификатын алуға, біліктілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 Естеріңізге салсақ, 2014 жылдан бастап Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі баламасына сәйкес «ҚЕХС және АХС стандарттары бойынша қанағаттандырылған қоғамдық мүдде ұйымының үлесі» индикаторымен сауалнама жүргізілуде. Бұл индикатор Қаржылық есептілік депозитариіне енген және халықаралық стандарттардың қанағаттандырылған пайдаланушылардың үлесін есептеудің ұлттық көрсеткіші болып табылады.

«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі индикаторына арналған сауалнамаға 80 кәсіпорын-респондент қатысса, онда Қаржылық есептілік депозитарий жария мүдденің 3500 ұйымын қамтиды және көрсеткіштің төмендеуі себептерін анықтауға мүмкіндік береді. 2019 жыл 1 наурызға сәйкес,   Депозитарийге 3 920 000 қолданушы кірген, соның ішінде басқа елдерден қолданушылар бар», – деді Ақ-бала Әлиева.

 Жалпы дөңгелек үстелдің қатысушылары отандық компаниялар қызметтерінің сапасын арттыру және бухгалтерлер мен аудиторлардың білім деңгейін жоғарылату қажеттігі туралы ортақ шешімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер