astana-view

Түркістандық кәсіпкерлерді сауланамаға қатысуға шақыруда

2019 жылғы 16 Сәуір
- Түркістан облысы
5741 просмотров

Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігімен бірлесіп облыс кәсіпкерлерін әлеуметтік бизнес-сауалнамға қатысуға шақырады!

Осы аптада Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің облыс әкімімен кездесуі жоспарлануда. Осыған орай, Кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік бизнес-сауалнама бастады.

Сауалнама кәсіпкерлердің өз қызметі барысында кездесетін мәселелерді және кедергілерді анықтауға, бизнес-ортаны жақсартуға және бизнес пен мемлекеттің өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сауалнама қорытындысы бойынша түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар Түркістан облысындағы бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде қолданылады.

Аталған жобаға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздердің ұсыныстарыңызды мына электронды мекенжай бойынша 18 cәуір 17:00-ге дейін күтеміз: a.suleimeno@atameken.kz ai.syzdykova@atameken.kz

Байланыс нөмірі: 8(72533) 5-98-98


Еншілес ұйымдар

Серіктестер