astana-view

Павлодардың түзету мекемелері кәсіпкерлерге өндіріс алаңдарын беруге дайын

2019 жылғы 06 Мамыр
- Павлодар облысы
6002 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Павлодар облысы әкімдігі, «Атамекен», Қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті және «Еңбек-Павлодар» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Төртжақты келісім «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бастамасымен қолға алынған.

Өңір әкімінің орынбасары Арыстан Қабикенов түзету мекемелері территориясында өндірістік алаңындарын ашу – бизнесті қолдаудың бір шарасы деп санайды.

 «Мұндай бастамалар көп болуы керек. Облыста 16 жүйе құрушы компания бар, жанына өндірістік тізбектерді құруға болатын мыңдаған компания бар», – деді Арыстан Қабикенов.

 Өз кезегінде ӨКП директорының орынбасары Мәди Сыздықовтың пікірінше, түзету мекемелері территориясында өндірістік алаңдарының ашылуы барлық тараптарға тиімді. Мәселен, кәсіпкерлер өндірістік алаңдарға кететін қаражатты үнемдей алады.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алдында тұрған басты міндет өңірдегі  кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, қорғау мен дамыту. Түзету мекемелері территориясында өндірістік алаңындарын ашу бизнес үшін ақсы мүмкіндік деп санаймын. Бұл шара тауардың өзіндік құны мен табысқа жақсы әсер етпек. Бұдан бөлек, мекеме әкімшілігі сотталғандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік алады, ал сотталғандар жұмыс істеп, тұрақты еңбекақы алып, отбасыларына көмектесе алады», – деді Мәди Сыздықов.

Бас бостандығынан айырылған адамдар арасындағы жұмысшыларға жалақы төлеуді уақтылы төлеу ынтымақтастықтың негізгі шарттарының бірі екенін атап өткен жөн.  Қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті бастығының орынбасары Дәулет Искаковтың айтуынша, сотталғандардың көбі дипломы бар мамандар.

 Ал мамандық болмаса, онда АП 162/2, 162/3, 162/4 мекемелерінде жұмыс істейтін үш кәсіптік колледжде оқып алуға болады.

 «Кәсіпкердің таңдауымен сотталғандарды қажет мамандыққа – слесарь-жөндеуші, токарь-ұста, автослесарь, жиһаз және ағаш өндірісінің шеберіне  оқытып алуға болады» – деді Дәулет Искаков.

 Павлодар облысында 5 түзету мекеме – тергеу изоляторы, минималды қауіпсіздік мекемесі, максималды қауіпсіздік мекемесі, сонымен қатар екі орта қауіпсіздік мекемесі жұмыс істейді. Бұл туралы Қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті сотталғандарды жұмыспен қамту тобының маманы Жанар Баспақова хабарлады.

 «Жазасын шамамен 2 мың адам өтеп жатыр. Оның ішінде 600 адам еңбекке жарамсыз санатында. Бұл зейнеткерлер, мүгедектер, сонымен қатар мектеп немесе колледжде оқып жатқандар. Біз шамамен 700 сотталғанды ақысы төленетін жұмыспен қамти алдық», – деді Жанар Баспақова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер