astana-view

Отандық өндірушілер өз өнімдерін Қазақстан-Қытай өңіраралық форумында таныстырды

2019 жылғы 15 Мамыр
2081 просмотров

Алматыда Қазақстан және Қытай өңіраралық ынтымақтастығының екінші форумы «Өнеркәсіптік кооперация» тақырыбында өтіп жатыр. Форумның аясында отандық өндірушілер өз тауарларын таныстырды

 Көрмеге машина жасау, текстиль өндірісі, минералдарды өндіру және өңдеу саласында қазақстандық және қытай компанияларынан 16 өндіруші қатысты. Форум ұйымдастырушының айтуынша, Қытай тарапы Қазақстан өндірісіне қызығушылық танытты.

 Атап айтқанда, «SAUMAL» және «Golden Camel» сауда маркасындағы құрғақ бие сүті мен түйе сүті, «Шин-Лайн» балмұздағы, «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдері және «Сұлтан» сауда маркасының макарон өнімдері назарға алынды.

Көрме барысында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды, ал «SKY WAY» компаниясы өзінің ішкі туризм саласындағы қызметтерін таныстырды.
 Форумға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қатысты. Қытай делегациясын 170 компаниямен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші Вице-премьері Хань Чжэн бастап келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер