«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Атамекен» мен «Самұрық–Қазына» биыл отандық өндірушілермен 10 оффтейк-келісім жасайды

15 Мамыр 2019
1857 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық–Қазына» АҚ отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне «Атамекен» ҰКП-ның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

Келісім-шарт өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақ-мерзімді келісім-шарт жасауға, бизнестің дамуын қамтамасыз етіп, отандық өндірушілерді қолдау мақсатымен тиімді шешімдерді қабылдауға бағытталған.

«Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда, соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде»,-деді Аметжан Есімов.

Келісім-шарт шеңберінде жаңа өндірістерді қолдауға бағытталған кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасау жоспарланған. Екі тарап та өндірісті жаңғыртуға бағытталған ұзақмерзімді келісімдер жасау механизмінің тиімділігіне сенімді. Жаңа құралдардың бірі – «Атамекен» палатасы құратын «Сатып алудың бірыңғай терезесі». Аталған құрал бизнеске нарықтың ауқымын шамалауға мүмкіндік береді, сатып алу үрдісінің жариялығын арттырып, тәуекелдерді кемітеді. А. Есімов биылғы жылы холдингаралық сатып алуларды тағы 30%-ға кеміту жоспарланғанын атап өтті.

 «Кәсіпкерлерге айтарым, қазіргі және ұсынылып отырған қолдау шаралары адал бизнеске арналған. Кәсіпкерлер өз кезегінде жергілікті өндірісті модернизациялау және цифрландыру бойынша ұсыныстарын енгізуі керек. Келісімде қарастарылған бастамалардың іске асуы отандық өнеркәсіптердің жаңа технологияларды игеріп, қосымша құны жоғары тауарларды өндіріп, көрші нарықтарға шығуына жағдай тудыратынына сенімдімін»,- деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Келісім шеңберінде отандық бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар шара жоспарланған. Биылғы жылы Қор, «Атамекен» және салалық қауымдастықтардың қатысуымен импорттың орнын алмастыру мақсатымен «қарапайым заттар экономикасының» (жеңіл өнеркәсіп, жиһаз құрастыру, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина құрастыру) өнімдерін арттыруға бағытталған Жоба кеңсесі ашылады. Кеңсе сараптамасына сүйене отырып, «Атамекен» палатасы импорттың орнын алмастыру потенциалын анықтап, қазақстандық өндірушілерді қолдау және дамытудың нақты стратегиясын құрастырады. «Атамекен» палатасы индустриалды сертификат енгізу шеңберінде отандық өндірушілер шығаратын тауарлардың түгел қамтылуын қамтамасыз етеді. Аталған сертификаттары бар өндірушілер алдын-ала квалификациялық іріктеуден өткенде қосымша 20% балл алады.  

Биылғы жылдың басында «Атамекен» ҰКП мен Қор «Кабельдік-өткізгіш өнім» және «Арнайы аяқ киім» категориялары бойынша сатып алу стратегияларын бекітті. Бұл стратегиялар бойынша Қордың сатып алуларындағы үнемдеу 439 млн теңге болады деп күтілуде. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың арқасында жоғарғы вольтты трансформаторлар өндіретін «Азия-Траффо» зауыты  бұрын Қытай, Ресей мен Украинадан сатып алынған құрылғыларды өндіре бастады. Бұл жобалар ішкі инвестицияларды артырып, 200-ден астам жұмыс орнын құруға жағдай туғызды.

Анықтама үшін: Еске сала кетсек, бұған дейін «Қордың тауар, еңбек және қызмет сатып алу ережелеріне» Қор ішіндегі сатып алу үлесін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген. Осылайша, ашық тендер арқылы сатып алынатын өнім көлемі 387 млрд теңгеден шамамен 1 трлн теңгеге дейін жетті. 2018 жылы Қор ішіндегі сатып алулар барлық сатып алулардың 90%, немесе 3 трлн теңгені құраған болатын.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер