astana-view

Алматыда Қазақстан және Қытай ынтымақтастығының өңіраралық II форумы өтті

2019 жылғы 16 Мамыр
- Алматы қаласы
2255 просмотров

Соңғы үш жылда ҚР және ҚХР арасындағы тауар айналымы 50%-ға  өсті

Қазақстан және Қытай ынтымақтастығының өңіраралық II форумы «Өнеркәсіптік кооперация» тақырыбына арналған. Шетелдік делегация құрамына Бейжің, Шанхай, Гунси, Сычуань, Шэньси, Цязнсу, ШҰАА, Шаньдун, Нинся, Чжэцзян провинцияларынан келген мемлекеттік мекемелері, корпорациялар мен компаниялардың 160-тан астам басшылары мен өкілдері кірді. Бизнес-мақсатты ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн басқарды, оның айтуынша, екі тарап әріптестіктің стратегиялық байланысын арттыруға дайын.

«Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы тауарларының бірінші легін экспорттай бастады. Мұнай саласында жаңа жобалар пайда болды. Енді жол-көлік жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл екі ел арасындағы сауда мүмкіндігін арттырады. Мен сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерін тек іскерлік байланыс емес, терең достыққа негізделген достықтың да жалғап тұрғанын қалаймын. Қытай нарығы соңғы онжылда дамудың жоғарғы деңгейіне қадам басты. Қытай нарығын әлемнің төрт бұрышына жайыла бастады. Әлемнің алпауыт елдерініңи өзі біздің жерде өздерінің еншілес компанияларын ашуға ниет танытып отыр. Біз осы мүмкіндікті қазақстандық достарымыздың да пайдаланғаны қалаймыз», - деп мәлімдеді өз сөзінде  Хань Чжэн.

ФОТО: ҚазАқпарат 
ҚР Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде, көліктік-логистикалық саладағы байланыс нығаюда.


«Қазақстанға инвестиция салған мемлекеттердің ішінде Қытай төртінші орында.  Екі елдің сауда-экономикалық байланыстары жыл сайын нығайып келеді. Соңғы үш жылда өзара тауар айналымы 50% - ға өсті. Қазақстандық ұн, май және өзге де өнімдер Қытайдағы ең өтімді тауарларға айналды. «Достық-Алашаңқай» және «Алтынкөл-Қорғас» теміржол өткелдері Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдың 56 пайызын қамтып отыр. «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы шекара маңы ынтымақтастығы сияқты ірі жобалар сәтті жүзеге асырылуда», -  деп айтты Әлихан Смаилов баяндамасында.

ФОТО: ҚазАқпарат 
ҚР және ҚХР өңіраралық II форумы сындарлы диалог алаңына айналды: Қытай нарығына қол жеткізе алмайтын шалғайдағы өңірлердің қазақстандық кәсіпкерлер әлеуетті әріптестермен танысып, идеялармен, пікірлермен және байланыстармен алмасты. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер