«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Компанияларға бизнес-процестер не үшін қажет?

17 Мамыр 2019 - Алматы қаласы
588 просмотров
Алматы маркетологтарына бизнес-процестердің маңыздылығы айтылды 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының маркетологтар клубында жүйелік бизнестің үлгісі және әр компания үшін бизнес-процестердің қажеттілігін талқыланды

Қазіргі таңда Сізге бизнес-процестер неліктен қажет? Бизнес-процестерді қандай салада қолдануға болады? Сондай-ақ, бизнес-процестер жұмыскерлер саны 5 адамнан аспайтын кішігірім компаниялар үшін қажет пе? Бұл сұрақтарға «Ticketon Events» компаниялар тобының бас директоры, маркетинг магистрі, «30 жастан 30 жасқа дейінгі» Forbes Kazakhstan рейтингісінің қатысушысы Виктория Торгунакова жауап берді.

«Компанияны ашар кезінізде немесе өз ісіңізбен айналысарда алдымен компанияңыздың болашақта қалай болатыны туралы егжей-тегжейлі түсінік болуы керек. Сізге ең алдымен компанияңыздың қалай көрінетінің түсіну қажет, оның кімдерге көмегі тиеді және сіз брендіңізді қалай көресіз. Өйткені сіздің ойыңызда бұл дүниелер болмаған жағдайда, сіз ешнәрсе жасай алмайсыз.  Бұл жайт суретті сала алмайтын жоспары жоқ, ойсыз суретші секілді. Мен ахуалдық пайда болатын стартаптар бар екенін атап өткім келеді: олардың қатарына коммерциялар, сату және тағы басқалары жатады. Біркүндік компаниялардың тарихы ұзақ болмайды. Брендтері туралы айтпағанда жүз жылдық тарихы бар, әрбір компанияның нарықтағы даму стратегиясы болуы тиіс. Компания даусыз көшбасшы немесе монополист болуына  қарамастан», – деп айтты Виктория Торгунакова.

Оның айтуынша, бизнес модел - ол бизнес жүйеліліктің негізгі элементі болып табылады. Бұл жерде адамның қандай болуы керек екендігі туралы, яғни адам ДНҚ сияқты. Біз клиенттің бейнесін, оның қажеттіліктерін, ауырсынуын, бизнестегі негізгі идеясы қандай екенін және неге сізді қажет еткенін білуіміз керек.

«Айталық, Сізде 200 пәтерге арналған үй кешенінде азық-түлік сататын дүкен бар деп есептейік. Оның мақсатты аудиториясы қандай? Бір дүкен иесі мұны 200 пәтердің тұрғындары деп айтуы мүмкін.  Біреулердің айтуына қарасақ, бұл бір кварталдың тұрғындары, ал біреулер мұны бір шағын ауданның тұрғындары деп айтуы мүмкін, сол кезде соңғысының әлеуетті тұтынушылардың саны 200 емес, мыңдаған пәтерге жетеді. Мұнде бір есекеретін жағдай бар: сіздің үлесіңіз аз және нарық көп болса, сіз үшін соғұрлым жақсы. Мысалға айтайын. Біз өзімізді нарық көшбасшыларымыз деп санап, біз билеттердің онлайн сату нарығының 80%-ын құраймыз. Бірақ билеттерді онлайн-сату сегментінің өзі Қазақстандағы билеттерді сатудың жалпы көлемінің 3%-ын құрайды. Мәселен, мен мұнда жалпы нарықтың 1,5% -нан аз бөлігін алып жатқанымыз туралы айтып отырмын, өйткені бізге қайда өсу керек екендігі анық, талап жоғары. Сіздерге нарықты үлкен көлеммен өлшеген жақсырақ болмақ. Біз 2012 жылы нарыққа келдік, бізге дейін ешкім электрондық билеттерді сатпаған, яғни нарық нөлге тең болды. Біз оны басқа жағына өзгерттік және қазір уақытта сонын нитижесінде Қазақстанның 16 өңірінде, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанда, биыл Ресейге шығу жоспарда бар. Ең маңызды мақсат шағын кеңістікте қалып қалмай, өз көкжиегінді ұлғайтып жоғарыға талпыну», – деп Виктория кәсіпкерлерге кеңес берді.

 «Тикетон» компаниясы мұндай табысқа белгіленген нақты бизнес-процестердің арқасында қол жеткізді. Оны бастапқы кезеңде басшының өзі құрастыруы мүмкін, ал кейіннен топтын барлық қатысушылары құрастыра алады, әрі жұмыстың әрбір кезеңі дұрыс сындарлы болуы тиіс. Бизнеске модел маркетингі және сату моделі, қаржыны басқару жүйесі, даму стратегиясы (кем дегенде жылына бір рет қызметкерлер алдағы жұмыс жоспарларын бірлесіп шешіп хабардар етуі тиіс), ұйымдық құрылым, персоналды басқару жүйесі, операциялық басқару кіреді.

Бизнес жүйелі болу үшін не істеу керек? Бірінші кезекте, өнім мен тұтынушыға дұрыс қарым-қатынас орнату. Өнім – бұл әрдайым тауар немесе қызмет емес, бұл пайдаланушы тұтынушының компаниямен тәжірибесінің кешені: сіздің өнімінізді пайдаланғанда неге «қарайғандығы», өніміңізді пайдалана бастағаннан бастап және сіздің компаниямен қарым-қатынастан кейін ол кісіде қандай көңіл күй болды, ол қаншалықты сізге оң көз қарас танытып қалды. Өнім-сервистік бағдар беретін кешен. Ол жақсы және тұтынушының қажеттіліктеріне керек болса, соншалықты деңгейі ұзақ болмақ.

«Жүйелілік, қадамдық нұсқаулықтар кәсіпорынның, компанияның тұрып қалу қаупінен сақтандырады. Жаңадан келгендер көп болса (дүкендерде, мейрамханалар желісінде), оларды бірден оқыту мүмкін емес. Сондықтан бизнес-процесс неғұрлым жақсы жазылған сайын оны масштабтау оңайырақ. Анық мысал – франшиза, онда компания дамуының барлық кезеңдері жазылған және көрсетілген нұсқауларды орындау оңай. Мысалы, қазір Мен сіздерге мастер-класс өткіземін, ал осы уақыт ішінде менің қызметкерлерімнің ешқайсысы маған қоңырау шалмады. Демек жұмыс жүріп жатыр, Яғни сіздің бизнесіңіз сізсіз өз жұмысын жүргізе алады деген сөз. Осыдан бизнес-моделдін дұрыс құрылғанын аңғаруға болады», – деді өз сөзінде спикер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының маркетологтар клубына қатысу тегін. Кездесу мына мекенжайда өтеді: Абай, 14 (ҚР Ұлттық кітапханасы бұр., 1 қабат, көрме залы. Байланыс деректері: almaty.cop827@gmail.com , +7 727 3310133, ішкі байланыс 802.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер