astana-view

«Атамекен» кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабақтарын өткізеді

2019 жылғы 21 Мамыр
4624 просмотров

Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» ұйымдастырған тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді

«Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тақырыбындағы алғашқы семинар 23-24 мамыр аралығында Түркістан облысы Көктерек ауылында өтеді.

Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

 Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.

Түркістан облысының барлық кәсіпкер әйелдері шеберлік сабағына қатыса алады. Өтінімді workshop.regions@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. Семинар бағдарласымен мына сілтемеден танысуға болады.

Семинарларды өткізу кестесі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер