«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Қазақстандықтар РФ аумағындағы кедендік төлемдер бойынша қарыздарын онлайн режимінде тексере алады

21 Мамыр 2019
741 просмотров

РФ Федералды кеден қызметінің ресми сайтында кедендік қарызды тексеруге мүмкіндік беретін жаңа ресурс пайда болды

«Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» Федералды заңның 27-бабына сәйкес шетел азаматтардың немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресей Федерациясына келу кезеңінде салық төлеуден жалтаруы, мұндай тұлғаға Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.

 Сонымен қатар заң белгіленген мерзім ішіндекедендік баж салығы және салық төлеу бойынша міндеттерді орындамаған шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға да қолданылады. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке қолдануға арналған көлік құралдарын уақытша кіргізу шарттарының бұзылуына байланысты қолданылады.

 Қарыз немесе РФ аумағына кіруге тыйым салынғанын тексеру үшін азаматтарға онлайн-ресурсқа аты-жөнін, азаматтығын, жынысын, туған күнін енгізу жеткілікті.

РФ Федералды кеден қызметінің ақпараттық сервисіне edata.customs.ru сілтемесі арқылы өтуге болады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер