astana-view

Бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу қажет – Эльдар Жұмағазиев

2019 жылғы 23 Мамыр
3582 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын ары қарай жетілдіру мақсатында олардың тиімділігіне талдау жүргізуге дайын

Бұл туралы ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты.  

«Бизнеске арналған қолдау шараларының қайсысы тиімді, ал қайсысы жұмыс істемейтінін түсіну масқатында оларға толық талдау жүргізуге дайынбыз. Бұл тоқсандық немесе жылдық талдау болуы мүмкін. Егер қандай да бір шаралар жұмыс істемейтін болса, онда бағдарламаға бірден жаңа, бірақ әрекетті құралдарды енгізуге болады.  Осыған уақыт келіп жетті деп санаймын, өтйкені цифрландыру жүріп жатыр. Жаңа технологиялардың үлкен легі шетелден ағылуда. Ал кәсіпорынның өтімділігі технологиялық үдерістерге тікелей байланысты, онсыз олар нарықта қажетсіз қалады. Әрине, біліктіліктер де керек. Осының бәрін ескерген жөн. Сондықтан біз қолданыстағы бағдарламаларды уақтылы жетілдіріп отыру мақсатында кәсіпкерлерді қолдау бойынша шараларды бақылау операторы болуға дайынбыз», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Спикер «Атамекен» кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көрсететін қаржылай емес қолдау шараларының нәтижелерімен бөлісті. Соңғы төрт жыл ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 174 мың бизнесмен тегін қызметтерді пайдаланды, оның ішінде 19 мың кәсіпкер қызметтерді онлайн режимінде қашықтықтан алған.

 «Осындай қолдаудың нәтижесі бірден байқалады: 46 мыңнан астам жаңа кәсіпорын ашылды, 8 мыңнан астам кәсіпорын бизнестерін кеңейтті, Палата берген кеңестер мен қызмет түрлері арқылы 23 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 206 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алды. 74 мыңнан астам адам «Бизнес-мектепте» оқыды, 1973 адам – «Іскерлік байланыс» курсына қатысты, оның ішінде 133 адам Германияға тағылымдамаға барып келді», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 «Атамекен» биылдан бастап «Бизнес-Кеңесші» құрауышы бойынша бизнес негіздеріне онлайн режимінде оқытуды  бастады. Енді бастауыш кәсіпкер оқу материалымен онлайн арқылы танысып, тест тапсырып, курс аяқтағаны туралы сертификатты ала алады. Бұл қызметті 900-ден астам адам қолданып көрді.

 Осы ретте спикердің айтуынша, бүгінде кәсіпкерлер несиелерді кепілдендіру бойынша қосымша қолдауға мұқтаж.

 «Сауалнама нәтижесіне сәйкес кәсіпкерлердің 66,7%-ы кепілзаттың өтімсіздігі салдарынан банктер несие беруден бас тартатынын айтты. Бұл өте үлкен кедергі. Респонденттердің тағы 67%-ы олардың зауыты қала сыртында екенін, сол себепті банктер кепілзатты қабылдамайтынын айтты. Біз «Атамекен» атынан әріптестерімізді (ҚР Ұлттық экономика министрлігін – ред) кепілдендіру бойынша қосымша шаралармен көмектесуді сұраймыз... Бізде «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы жұмыс істейді, көп компаниялардың кепілсіз екенін көріп отырмыз. Дәл осы компаниялар өңдеу өнеркәсібінде, қайта өңдеу саласында экономиканың драйвері болар еді, бірақ олар қымбат несиеден көз ашпай тұр. «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа шараларды қабылдау керек. Осы шаралардың барлығын талқылап, жаңа бағдарламаны әзірлеуде мемлекеттік органдарға ұсынатын боламыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары «Атамекен» қаржылай емес қолдау шараларының барлығын онлайн-режимге аударып жатқанына назар аударды. «Atameken Services» порталы үнемі жетілу үстінде, бұл ресурс арқылы кеңседен немесе үйден шықпай-ақ, тегін қызметтерді алуға болатын

«Сервиске тұрақты түрде тестілеу жүргізілуде, кәсіпкер жеке кабинетінде өз сұрағына жауап алып қана қоймай, сонымен қатар қызмет көрсету деңгейін бағалай алады. Біз үшін бұл маңызды критерий. Бұдан бөлек, Ұлттық палата кәсіпкерлерге жеке сауалнама жүргізіп жатыр. Ел бойынша кәсіпкерлер саны 1 миллион адамға жуық. Біз жарты миллион кәсіпкерді аралап шықтық, тікелей байланыс орнатып, қолданыстағы байланыс деректерін жазып алдық. Күзге таман сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлер саны шамамен 900 бірлікке жетпек. Осылайша, әр кәсіпкер «Atameken Services» порталы арқылы бір батырманы басып, өзінің проблемалары туралы айта алады. Біз де әр кәсіпкермен делдалдарсыз тікелей кері байланыс орната аламыз», – деп қорытындылады Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер