astana-view

Қазақстанда жасалған жұмыртқа қосылған кеспе Қырғызстан дүкендерінде сатылады

2019 жылғы 22 Мамыр
1925 просмотров

Қазақстандық өнімдер шетел нарықтарына шығуы күннен күнге артып келеді

Өзінің сауда шекараларын кеңейтен отандық тауардың бірі – Шымкентте өндірілетін «Первая мельница» сауда маркасында жұмыртқа қосылған кеспе. Бұл ұн өнімі енді Қырғызстанда да сатылады.

 2019 жыл 20 мамырда Бішкекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ресми сапары шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы өтті.

 Сауда-экномикалық миссияға қазақстандық өндірушілер арасынан шымкенттік «Free mark» ЖШС құрылтайшысы Айбек Асанбеков қатысты. Екі жыл бұрын Айбек «Первая мельница» сауда маркасымен жұмыртқа қосылған кеспе өндірісін ашты. Шымкенттік кәсіпорын өз өнімінің басым бөлігін экспортқа дайындайды. Биыл қаңтар айында Айбек макорон өнімдерін Берлинде өткен «Жасыл аптада» таныстырды. Бүгінгі таңда шымкенттік зауыт өнімін Ресей және Өзбекстанға экспорттайды. Бішкекте өткен миссияға қатысу нәтижесінде Айбек Асанбеков Қырғызстан аумағында дистрибуция жасау бойынша келісімшар жасады.

 «Біздің макарон өнімдерге қырғыз әріптестеріміз тарапынан болған қызығушылық кездейсоқ емес деп ойлаймын. Қырғыз тұтынушыларының тағамдық қажеттілігі қазақтарға ұқсас, олар да бесбармақ, лағман жақсы көреді. Біз өндіретін кеспе осы тағамдарды дайындауға келеді. Оның үстінде кеспенің құрамында – табиғи ингредиенттер бар, осы ерекшелік оларды үйде дайындалған кеспенің дәмін береді», – деді Айбек Асанбеков.

 Сауда-экномикалық миссияға барлығы 16 қазақстандық тауар өндіруші қатысты. Бұл машина жасау, фармацевтика және тамақ өнеркәібі саласында жұмыс істейтін компаниялар. Олардың қатарында «Қазақмыс», СарыарқаАвтоПром» және «Цесна Астық» бар. Қырғыз тарапынан кездесуге 50-ден астам кәсіпкер және мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.

 Іс-шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қырғызстан өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы қырғыз-қазақ экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және қорғау, сонымен қатар өзара тіимді жұмыс мақсатында ынтымақстық туралы келісімге қол қойды.

 Сауда-экономикалық миссияны «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және  Қырғызстан өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер