astana-view

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғанын хабарлайды

2019 жылғы 24 Мамыр
7406 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы аналогиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

Аталған жобаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейді азайту мақсатында жастардың бойында жеке бизнесті ашуға қажетті машықтарды қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.

Нысаналы аудитория – NEET категориясындағы жастар, 18-29 жас аралығындағы жас отбасылардың мүшелері, аз қамтылған көп балалары отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекқор мүгедектер.

 Оқудың басталуы – 2019 жылдың 3-тоқсаны. Жоба қалалар, аудан орталықтары, моноқалалар және республикалық нысандағы қалаларда жүзеге асады.

Бизнес-тренерге қойылатын талаптар:

  •  «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  • Бағдарлама шарттары бойынша қаржыландыруды алуға көмектесу;
  • Қаржыландыру алған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу;
  • Аудан/қалаға маркетингтік зерттеуді жүргізу –  жоба қатысушылары және басқа да кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай орнықтыру мақсатында бастапқы ақпаратты жинақтау (өткізу тізбегін қалыптастыру).

Кәсіби біліктілік:

  • экономика/ педагогика  саласында жоғары білімнің болуы (міндетті), басқа мамандықтар – құпталады;
  • байланысты салаларда жұмыс өтілінің болуы міндетті. Кәсіпкер, коуч/ментор ретінде тәжірибе және талдау жасай білу құпталады;
  • қаржылық сауаттылық/бизнес-жоспарларды құру және түсіндіре білу;
  • нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін білу;
  • салықтық заңнаманы білу;
  • Маркетинг және маркетингтік зерттеуді білу;
  • Дербес компьютермен жұмыс істей білу (Excel, Word-пен жұмыс істеу).

  Soft skills:

  •  Мемлекеттк тіл және ресми тілді білу;
  • Жоғары коммуникативтік машықтар және келіссөздерді жүргізудегі тәжірибе;
  • Әлеуметтік желілердегі іскерлік позиция;
  • Командада жұмыс істей алу.

Шарттар:

  • 3-6 ай бойы толық жұмыспен қамтылу.
  • 3-6 ай бойы ауыл, аудандарға барумен қоса толық жұмыспен қамтылу;
  • Баспана бөлек берілмейді, іссапар шығандары өтеледі.
  • KPI көрсеткіштері орындалғаны бойынша бонус төленеді.

Жобаға қызығушылық танытсаңыз түйіндемеңізді мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: cvbastau@gmail.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер