astana-view

Мемлекеттік қолдауды алған бизнес салық төлеп, жұмыс орындарын ашады – Абылай Мырзахметов

2019 жылғы 25 Мамыр
2759 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлік белсенділіктің жағдайы және оны белсендіру шаралары жайында Ұлттық инвесторлардың кеңесі барысында айтты

 ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша, заңның үстемдігі және меншік құқықты қорғау – кәсіпкерлік белсенділіктің маңызды факторы.

 «Жоғарғы сотпен бірлесіп, екі мыңнан астам шешімге талдау жүргіздік, кейстердің нақты алгоритмдерін дайындадық. Олар бойынша Жоғарғы сот, өнегелік құқықтың болмауына қарамастан, өзінің қаулыларымен ел бойынша барлық соттарға арналған бағдарларды анықтай алатын болады. Бұған қоса Жоғары сот біздің бастамамызды қолдады, енді біздің мамандар судьяларға арнап семинар-тренингтерді өткізуде. Судьялар кәсіпкерлердің салықтық дауларында объективті және әділ шешім шығару үшін біліктіліктерін белсенді арттыруда», – деді Абылай Мырзахметов.

 Бизнес үшін проблемалардың бірі – заңнаманың артық нормалары, өткен жылдың өзінде 10 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қабылданған.

«Заңнамаға ревизия жүргізіп, артық нормаларды алып тастап, сансыз түзетулерді шектеу қажет», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Спикер кәсіпкерлерге арналған қызметтерді цифрландыруға жекелей тоқталды. Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлерге «бір терезе» арқылы электронды форматта барлық мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» жобасын жүзеге асыруды қолға алған.

 «Бүгінде мемлекеттік қолдаудың 50-ден астам шарасы бар, осы процестердің 90-нан астам  операторы бар. Оларды оңтайландыру бойынша арнайы сервис құрудың уақыты келгені белгілі, осы ретте біз оператор қызметін міндетімізге алуға дайынбыз. Екі өңірде бұл жұмыс іске қосылды. Негізінен барлық қызметтерді онлайн-режимде алуға болады. Бірінші кезекте жер телімін алу және инженерлік желілерге қосуды электронды форматқа ауыстыру керек. Осы ретте өтінімді беру ғана емес, қызмет көрсетудің бүкіл процесі автоматтандырылып, мемлекеттік шенеуніктермен әрекеттесу толығымен жоюлуы керек», – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы.

 Сонымен қатар «Атамекен» тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мемлекеттік компанияларға рұқсат етілген қызмет түрлеріне егжей-тегжейлі ревизия жүргізуді ұсынады.

«Бүгінде мемлекеттік компаниялар және 6,5 мыңға жуық квазимемлекеттік субъекті – жауапкершілігі шектеулі серіктестер мен акционерлік қоғамдар айналыса алатын қызметтің 347 түрі бар. Оған уақыт жетті және сіздің тапсырмаңыз (ҚР Президенті – ред) бар  – осы қызмет түрлеріне «сары парақтар» қағидалары бойынша толық ревизия жүргізіп, мемлекет қандай қызметпен айналасуы керек, ал қандай қызметті нарыққа беру тиімдірек болатынын белгілейтін нақты тізім дайындау қажет», – деді Абылай Мырзахметов.

Маңызды мәселенің бірі кәсіпорындарға арналған мамандарға деген қажеттілік. Мында жаппай кәсіпкерліктің дамуына көңіл аудару керек. Бизнеске баулу мектеп партасынан басталып,  жоғары оқу орнына дейін оқылуы керек. «Атамекеннің» бастамасымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептерде 10-11 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады.

 «Кәсіпкерлердің өзі бұл процеске белсенді қатысады. Сондай-ақ біз мектептерде 7-ші сыныптан бастап кәсіби бағдарлауды өткізуді ұсындық. Осы ұсыныстар мектеп оқушылары мен ата-аналарға бизнес туралы біліп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Кәсіби бағдарлаудың әдістемесі барлық мектептердің оқу бағдарламаларына енгізуге дайын», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

 Кәсіптік-техникалық білім беру саалсында 500 мыңға жуық студент оқиды, «Атамекен» түлектердің жұмысқа тұруының нақты деңгейінің негізінде колледждердің рейтингін енгізуді ұсынады. Рейтинг мемлекеттік тапсырысты бөлудің негізі болуы керек. Осы ретте мемлекеттік тапсырыстың үштен бір бөлігін, жергілікті бюджеттердегі кәсіптік-техникалық білім беруге бөлінген 100 млрд теңгенің шамамен 30 млрд-қа жуық теңгені өндірістік оқытуды ұйымдастырған кәсіпорындардың шығындарын өтеуге жұмсау керек. Бұл жұмыс берушілерді дуальді білім беруді дамытуға тікелей ынталандыру болмақ. Өз кезегінде оларға нақты талаптары мен оқытудың стандарттары белгіленуі керек.

«Мамандардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау жүйесін жандандыру маңызды. Жекелеген жоғары оқу орындары мен колледждер осындай оқытумен айланысуда, бірақ олардың бағдарламалары нарық пен кәсіпкерлердің сұранысына қарай бағдарланбаған, негізінен топ-менеджерлерге бағытталған. Сондықтан алғашқы кезеңде біліктілікті жоғарылату және қайта дайындау жүйесін жетекші кәсіпорындардың шығандарын ішінара өтеп, олардың жанындағы оқу орталықтары базасында жұмысшы мамандықтар бойынша ұйымдастыру ұсынылады. Бірінші кезекте бұл біліктілікті міндетті растауды талап ететін реттелмелі мамандықтарға қатысты», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы.

 Сонымен қатар спикердің пікірінше,  өңірлік деңгейде бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру талап етіледі. Бұл бос жер телімдеріне қолжетімділік және техникалық шарттарды алу мәселелеріне қатысты.

 «Әкімшіліктер үнемі өзгерістер енгізетін қала құрылысын жоспарлау құжаттамасын әзірлеу және орындауға орталықтандырылған талаптарды белгілеу қажет. Сондай-ақ өңірлік мамандану да маңызды мәселе. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар, бірақ жергілікті атқарушы органдар қандай бос нишаларды іске қосуға болады, бизнесті дамытуға қандай орынжайлар мен ресурстарды пайдалануға болатынын байқай бермейді. Егер біз скринингі келесі жылы аяқтайтын болсақ, оны өңірлік даму карталарына оны енгізуге болады», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

 Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін екі бағыт бойынша кешенді әрі жүйелі жұмыс атқару керек. Бірінші – бұл реттелмелі сатып алулар мен ішкі сауда әлуетін қоса алғанда  ішкі сұраныстың   әлеуетін пайдалану және ішкі нарықты қорғау шараларын тиімді қолдану арқылы импортты алмастыру. Екіншісі – ыңғайласпа талаптар қоя отырып, отандық кәсіпорындарды кешенді қолдау арқылы экспортқа шығуға ынталандыру.

 «Мемлекеттік қолдау, соның ішінде салықтық жеңілдіктер, арзан қаржыландыру, шығындарды өтеу және басқа да қолдау шаралары кәсіпорындарға өнім шығарылымын арттыру, өндірісті орналастыру, жұмыс орындарын ұлғайту, экспортқа шығу сынды ыңғайласпа талаптарды орындағаны үшін берілуі керек. Аталған талаптар арнайы инвестициялық келісімшартта бекітілетін болады. Келісімшартта талаптарды бекіту кәсіпорындарды өндірісті модернизациялауға, өнім сапасын арттыруға, басқару тиімділігін арттыруға талпындырады. Осы мүмкіндіктер кәсіпорынға ары қарай экспортқа шығуға, осылайша «ұлттық чемпиондарды» өсіруге жол ашады», – деді Абылай Мырзахметов.

 ҰКП Басқарма Төрағасы қаржыландыруға қолжетімділік мәселесіне жекелей тоқталды. ҰКП деректері бойынша 2018 жылы заңды тұлғаларды несиелеу 4,6%-ға, ал шағын бизнеске несиелер – 15%-ға қысқарған.

 «Жеке кәсіпкерліктердің 80%-нан астамы несие алуға мүмкіндіктері бар, демек, микроқаржыландыруды дамыту керек. Мемлекет бұл бағытқа қолдау көрсетті, енді бағдарламаға жеке бизнесті тарту керек», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Сөз соңында Абылай Мырзахметов бизнестің жауапркешілігіне назар аударды.

«Мемлекет түрлі бағдарламалар бойынша қолдау көрсетіп келді, көрсетіп келеді де. Бірақ бизнестің жауапкершілігі де өте маңызды. Мемлекет алдында – жұмыс орындарымен, тұтынушы алдында – адалдығымен жауапты. Бастысы бізге отандық индустрияны қолдаудың дұрыс, практикалық саясатын енгізу керек. Ол, сөзсіз, салық төлемдерімен, жұмыс орындарымен қайтатын болады», – деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

 (фото: akorda.kz)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер