astana-view

Сарапшылар: Қазақстанда мемлекеттік стандарттардың басым бөлігі ескірген

2019 жылғы 30 Мамыр
- Алматы қаласы
4034 просмотров

Кәсіпкерлерге техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды

Сарапшылардың айтуынша Қазақстанда мемлекеттік стандарттар, құрылыс жүргізу нормалараы мен ережелеріның стандарттары ескірген. Оларды өзгертіп заманауи форматқа келтіру қажет. Және ескі стандарттарды қайта құру бойынша ұсыныстарды бизнестің өзі енгізу керек. Алматыда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерге арналған оқыту семинарында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова осындай пікір білдірді.

«Әлемдік тәжірибеде сатып алынатын тауарлардың 900 мыңнан астам атауы бар. Бүгінгі таңда біз ҰКП-мен бірлесіп Қаржы министрлігінен 2017 жылы ең көп сатып алынатын тауарлар мен қызметтер бойынша ақпараттарды алдық, бұл шартты түрде 6 сала бойынша. Мысалы, жиһаз өнімдері ең жақсы сатып алынатын тауарлардың бірі. Неге біздің мектептер отандық жиһазды сатып алмайды?», – деді Еркежан Әмірханова.

Спикердің айтуынша, мектептегі оқушы орындықтары да ескірген. Тіпті қазір балалар да өзгерген, өлшемдік орындары бұрынғы 70-80 жылдардағыдай емес. Тиісінше, санитарлық талаптарды, соның ішінде, балалардың физиологиялық деңгейіне сәйкес ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық әлеуетке ауыстыру, қайта өңдеу қажет.

«Бұл көрініс іс жүзінде әрбір салада орын алып отыр. Бұл жүйелендіруді талдау, бүгінде бұл жұмысты біздің институт жүргізіп жатыр. Сіз өндіруші ретінде сіздің өнімдеріңіз тауарлар мен қызметтердің бірыңғай номенклатурасына, мемлекеттік сатып алу порталындағы анықтамалыққа сәйкес келетінін түсінуіңіз қажет. Егер МЕмСТ пен стандарттар болмаса, онда сіз оларды ойластырып, ұйымның өз стандарттарын жазып, ұлттық стандарттарға қайта өңдеуіңіз керек. Сол кезде тапсырыс беруші техникалық мамандандыруды әзірлеу кезінде сіздің стандарттарыңызды ҚР СТ ретінде көрсетеді, сонда сіз мемлекеттік сатып алуға қатысушының бірінші дәрежелі құқығына ие боласыз», - деп хабарлады Еркежан Әмірханова.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта «Стандарттау туралы» заңда «стандарттардың қандай да бір түрлері», «стандарт-консорциум», «сілтемелік құжат» сияқты терминдер алынып тасталды. Сонымен қатар, жаңа терминдер де пайда болды. Мысалы, «өзара байланыс стандарттары» – бұл техрегламенттердің талаптарын толтыратындар. Сондай-ақ, «өзектендіру» термині пайда болды, бұл стандарттарды өзекті түрде қолдау бойынша рәсім. Дәріскер «Стандарттау туралы» Заң ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін түбегейлі өзгертіп, отандық өнеркәсіп үшін қажетті стандарттардың өзектілігі бойынша жаңа талаптарды енгізетінін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

«Ұйымның өзі бекітетін стандарттар бүгінде ерікті түрде қолданылады. Бірақ олар стандарттау саласындағы заңнамаға қайшы келмеуі тиіс, қауіпсіздік пен сапа талаптарын жақсартуы керек. Бұған дейін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық құжаттың талаптары ұлттық құжаттардан төмен болмауы тиіс деп саналды. Біз бұл қолданысты жоққа шығардық. Біз қайсысынын төменде немесе одан жоғарыда екенін анықтай алмаймыз. Мысалы, құрылыс саласындағы еурокодтар: олар біздің стандарттардан төмен немесе жоғары деп айтуға болмайды. Бұл басқа идеология, құрылыс, конструкция. Егер экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша талаптар болса, бұл сіздің жауапкершілігіңіз, бұл стандартты таңдай отырып, ол жалпы заңнама талаптарына сәйкес келеді. Заңда ұлттық стандарттарды, техникалық шарттарды, әдістемелерді неге орнатуға болатынын нақты жазылған. Мемлекеттік органдар өзектендірмейтін ескі ережелер, құжаттар бар. Олардың әсері болмайды, алайда бұл кәсіпорындар жұмыс істейтін жақсы құжаттар. Оларды есептендіру, заңдастыру, түрлендіру, қажет. Бүгінде заң мұндай құжаттарды ұлттық стандарттар қатарына аударуға мүмкіндік береді», – деп Еркежан Әмірханова түсіндірді.

Семинар барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы және «Алтын сапа» сыйлығын алу  байқауына қатысу шарттары туралы айтып берді.

 Үш күндік семинар барысында тыңдаушылар стандарттау жүйесінің негіздері мен жаңалықтары туралы ақпараттармен толық танысып, сонымен қатар стандарттау бойынша құжаттардың түрлері, заңды іске асыруға қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және стандарттау саласындағы негіз қалаушы стандарттар, стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жұмысының жаңа форматы, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімдері туралы білді. Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесіндегі негізгі үрдістер, метрология саласындағы заңнамадағы жаңа бағыттар, ЕАЭО техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі, ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалаудың жаңа типтік схемалары, КО/ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері: «химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» және «жедел сатылардың қауіпсіздігі туралы», сондай-ақ менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдері туралы айтылды.

Семинар жұмысына өңірдің әр түрлі саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден, сәйкестікті растау жөніндегі органдардан, сынақ зертханаларынан (орталықтарынан), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларынан, оқу орындарынан, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерден, қауымдастықтардан 100 мүдделі өкіл қатысты және біліктілік деңгейін арттырды.

Осындай семинарларды өткізу отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарын халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу мен сертификаттауға, сондай-ақ ЕЭО техникалық регламенттерін қолдану мен енгізуге ынталандырады, олардың жұмыс істеуі қазақстандық бизнес-ортаға әлемдік нарықта өзінің экономикалық орнын алуға мүмкіндік береді.

Семинарды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер